Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Темірдей берік - Темірбек

Темірдей берік - Темірбек

Қарапайым  қатардағы тілшіден,  абыройы асқақ тұлғаға дейін көтерілген бір жан болса, ол - Темірбек Қожакеев. Тау тұлғалы Темірбек ұлағатты да білгір ұстаз. Білім саласына өмірінің соңына дейін, еңбек сіңіріп кетті. Біз білім алатын қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінде 46 жыл еңбек сіңірген.

Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Ұстаз - ұлық емес,ұлы қызмет»Темірбек Қожакеев жалпы Қазақстандық БАҚ-қа республика көлемінде еңбек сіңірді. Темірбектен шыққан шәкірттер Президент әкімшілігінен бастап, беделді арналардың тізгінін ұстап, бүгінгі күні ел азаматтары. Ол білімін ғылымға ұштастыра отырып, монографиялар жазып, ғалым болды. Тек қана ғалым емес «сатира саңлағы». Оның 1995 жылы жазған «Сатира күштілер қаруы» атты еңбегі ғылым сахнасында өз орнын ойып  тұрып ала білді. Қазақ әдебиеттану саласында ұлттық сатира, юмордың сырлары, жанрлары жөніндегі ең тұңғыш ғылым екенін айқындайды. Қажырлы еңбегінің арқасында, 16 жыл  қара шаңырақ «Журналистика» факультетінде декан болды. Міне, ел батыры айтқан ұлы қызметті Темірбек Қожакеев зор абыроймен атқара білген жандардың қатарында екенін ауыз толтырып айтуға болады.Филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зейнолла Қабдолов өзінің «Мықшеге» деген мақаласында:«Қазақ университетінің филология, журналистика факультеттерінде қыр­ықыншы, елуінші жылдарда оқыған адамдар – эстетикалық ілім жағынан өз қатарларының маңдай алдында оқ бойы озық тұратын мамандар. Неге десеңіз, олар – әдеби білім жағынан Әуезов мектебінен шыққан адамдар»  Мінекей,  дәл осы мектепте пісіп жетілген   Темірбек  Қожакеұлы өмір жолы кімге де болсын үлгі екені хақ.
Темірбек Қожакеевтің әдебиет саласына сіңірген еңбегін әдебиетшілер жазп жатар. Біздің міндет журналистика саласына сіңірген ерен еңбегін жеткізу. Тау тұлғалы жан бұл салаға сонау XX-ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап кірісе бастады. Оның ең алғашқы мақаласы 1942 жылы аудандық баспа бетіне шыға бастайды. Содан бері республика беттеріне сан-алуан тақырыпта жүздеген мақала, корреспонденция, түрлі очерктер жариялаған. Бұл біз білетін белгілі еңбетері ғана. Мүмкін қаншама еңбегі қойын дәптерінде қалып кеткенде шығар. Нақты ақпараттарға зер салар болсақ, ұстаздың бас-аяғы өмірі мен еңбегі жайлы 596 әдебиеттерде енген екен. Тау тұлғаның сатира саласындағы ізі мен сөзі бүгінгі күндегі көп әзілкештерден мың есе артық. Себебі Темірбек Қожакеев жай, елді күлкіге қарқ қылатын сатира жазбады. Астарлы, терең ой қалдыратын сатира жанрын жарыққа шығарды. Ал бұндай сатира жазу кімнің де болсын қолынан келмесі айқын. Өзінің «Ескі жылдың есебі» атты жинағында айналада болып жатқан көріністерді өзінің ащы да, уытты қаламына арқау етіп, өткір тақырыптарды қамтып оқырман қауымға ойын жеткізген. Сатираның саңлағы өзге авторлар секілді кітапты жай ғана бөлімдерге бөлмей, «Шаншу сөздер, шымшу сөздер, шалқу сөздер», - деп ерекше бөлімдермен шегендеді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор  Темірбек Қожакеев тек сатирада, ұстаздық жолда із салмады. Тарихымыздың ақтаңдақ беттері мен соңында өшпес із қалдырған айшықты тұлғалар турасындағы танымдық еңбектер мен толғау тебіреністер бүгінгі күнге дейін, түсіне білген жанға азық. 2007 жылы жарық көрген көптомдық шығармалар жинағы соның айқын дәлелі. «Тәуелсіздік – тамаша табысымыз» деп басталған шығармалар жинағы Тараз тарихынан тамшылар, көрнекті тұлғалар, кереметтей толғаныстар мен айтыс-тартыстардың үлгісін көрсеткендей.
Журналист – Темірбек. Ұстаз – Темірбек. Сыншы – Темірбек. Профессор – Темірбек. Профессор Езуге күлкі сыйлайтын сатира шебері, фельетонист болса олда – Темірбек Қожакеев. Расында да, Темірбек Қожакеев сатира саласына өшпес із қалдырды. Ол 1940-50 жылдары өзінің туған Мерке аудандық газетіне «Аяңшыл жеңгейлер», «Бір колхоз болмасада, бір бригаданың бухгалтерімін», «Монша деумен бес жыл өтті» деген сынды сатиралары тыңдаушылар алдында ойыр тұрып орын алып, талай жанның езуіне күлкі жидырған сатирашы.
Темірбек Қожакеев -  қоғам қайраткері. Олай деуіміздің себебі, аудандық комсомолдарда жауапты қызметтер, бюро мүшесі, университет қабырғасында жастар саясатын дамуға өз үлесін қоса білген.«Білімдінің сөзі – ем, мейірімі көп, өзі кең!» деген екен ғасыр ақыны атанған Мағжан Жұмабаев. Сол айтқандай, Темірбек Қожакеұлының қаламынан туған дүниелердің бәрі қалың елі – қазақ халқы үшін дәру болары хақ.
Тау тұлғалы – Темірбек Қожакеев шығармашылық жолдағы өлшенбес істері үшін, түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталған. Қай салада болмасын, темірдей берік Темірбек Қожакеұлы шығармашылық жолы, кез-келген жас журналистке үлгі болсын дегім келеді.

                                                                                   Берікболұлы Айбек,
                               ҚазҰУ, Журналистика факультетінің 3-курс студенті
                                                   Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б.Рушанова
17 сәуір 2024 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031