Су басқан өңірлерде 325 нәресте дүниеге келді
Төтенше жағдай режимі жұмыс істейтін барлық өңірде 325 сәби дүниеге келді. Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Төтенше жағдай режимі жұмыс істейтін барлық өңірде 387 жүкті әйел бақылауда, 325 әйелді босандырып алынды. Су тасқыны басталғаннан бері ең көп бала Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында дүниеге келген.
«Эвакуациялық пунктерде 5038 бала бар, оның ішінде 62 бала стационар жағдайында көмек алады, тағы 61 бала амбулаториялық ем алады», - делінген хабарламада.
Су тасқыны басталғаннан бері психологиялық консультация алу үшін 1004 өтініш түсті. Бұл күндері Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары өңірлердегі су басқан аумақтарды аралап, эвакуациялық пунктерге барды. Онда олар медициналық көмек көрсету деңгейімен танысып, пациенттермен кездесіп, дәрілік заттардың бар-жоғын және шұғыл қызметтердің дайындығын тексеруде.