Екпенің маңызы ерекше
Бала вакцинаға қарағанда, суық тию немесе баспалардың нәтижесінде антигендердің көптеген санына барынша ұшырайды. Бірден бірнеше вакцина салудың негізгі артықшылығы, емханаға жиі барудың саны азаяды, бұл уақыт пен ақшаны үнемдейді және кестені сақтай отырып, балаларға ұсынылған екпе егу жүргізіледі. Сонымен бірге, мысалы қызылша, паротит және қызамыққа қарсы ассоцияланған вакцинация жүргізудің мүмкіндігі, инъекциялардың санын қысқарту дегенді білдіреді.
Барлық адамдар үшін заманауи препараттармен емделгеніне қарамастан, өлумен аяқталатын аурулардың алдын алу үшін екпе алу өте маңызды. Әрбір елде өзінің ерекшелігі болатын, вакцинаның барлық тізімі Ұлттық күнтізбе түрінде бекітіліп және орналастырылған. Ұлттық күнтізбеде белгіленген екпеден басқа қосымша салуға ұсынылған, бірқатар профилактикалық екпелер де бар. Денсаулық жағдайына жалпы талдау негізінде дәрігер балаға вакцинация жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Спандияр Абдиров,Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің жетекші маманы