Жұқпалы ауруларға қарсы иммундау жұмыстарының тиімділігі
Қандай да бір жұқпалы аурулардың алдын алу үшін адам ағзасына вакцина немесе басқа да антигендік қасиеті бар заттарды енгізу әдісі қолданылады. Мұндай әдістер – иммундау (вакцинация) деп аталады. Вакцинация ауруларға қарсы иммунитетті қалыптастыруға арналған. Өкінішке орай, белсенді иммунитет үнемі сақталмайды және кейбір екпелерді қайта салуды қажет етеді. Барлық екпелер жұқпалы аурулардан балаларды 100 пайыз қорғамайды, бірақ балаларда, әсіресе өмірінің алғашқы жылдарында сырқаттану қаупін төмендетеді. Бұл маңызды, себебі, бала кіші болған сайын оның иммундық жүйесі көмекті қажет етеді. Егер бала сырқаттанып қалса, алдын ала жасалған екпе, тезірек жазылуға және асқынуды болдырмауға көмектеседі. Иммундау адамзат тарихында жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату үшін маңызды рөл атқарды. Бүгінгі күнге тұрғындарды иммундаудың нәтижесінде көптеген жұқпалы сырқаттанушылықтардың көрсеткіштері төмендеген. Балалар арасында көптеп кездесіп жататын қызылша, қызамық, гепатит, туберкулез, сіреспе, көкжөтел, полиомиелит т.б. ауруларға қарсы балаларға міндетті егу жүргізіледі. Егу шараларына мемлекет тарапынан айрықша мән беріліп, арнайы егу күнтізбесі де бекітілген. ҚР Үкіметінің №2295 қаулысымен бекітілген ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Аталған кесте жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы, оның 17-сі республикалық бюджет есебінен, 4 жұқпалы ауруға қарсы екпе (вирусты гепатит «А», тұмау, күйдіргі, туляремия) жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Осы екпенің нәтижесінде жер бетіндегі миллиондаған бала өлімнен және мүгедектіктен аман қалды.
Вакцина – белгілі бір жұқпалы аурулардың қоздырғышы болып табылатын микроорганизмдерден жасалған препарат, оны өндіріп шығаруда қатаң талап қойылады. Олар қауіпсіздігіне, зиянсыздығына және тиімділігіне байланысты зертханалық-клиникалық бақылаудан өткізіледі. Вакцина биопрепарат болған соң егуден кейін аздаған асқыну, баланың дене қызуының көтерілуі, жергілікті қызару, ісінулер, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Ол бірақ тез басылады. Осындай асқынуларды желеу етіп, халық арасында егу шараларының тиімділігі жайында теріс мағлұматтар таралып, екпелерден бас тарту жағдайлары орын алуда. Сонымен қатар, екпеден бас тартудың басым көпшілігі адамдардың діни ұстанымдарымен байланысты. Мәселен кейбір христиан ұғымдары қан құйдыруға қарсы. Қасиетті Құранда һәм Пайғамбарымыздың сүннетінде вакцинацияға анық тыйым салынбаған. Керісінше аурумен күресудің бұл тәсілін қолдаған көптеген дәлелдерді табуға болады. Ешбір дінде денсаулықты сақтауға, күтуге, аурудың алдын алуға шектеу қойылмайды. Керісінше, әрбір өркениетті дін өз өкілдерінің денсаулығына жауапкершілікпен қарайды. Балаларға екпе салдырудан бас тарту білімсіздіктің салдарынан орын алады. Аудан көлемінде екпелерден бас тартудың алдын алу мақсатында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау мамандары тарапынан көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Егудің тиімділігі және бас тартқан жағдайда әсері туралы халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы жұқпалы ауруларға қарсы егілмеген бала ауру көзі және оны таратушы болып табылады. Ал, егілген бала ауырған жағдайда ауруы өте жеңіл түрде өтеді. Сондықтан да ағайын, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Әрбір саналы азамат өзінің денсаулығын сақтаумен қатар, өзгеге де қауіп төндірмеуді ойланғаны дұрыс.

Абдиров С
Шиелі аудандық СЭБ барқармасының
Шиелі аудандық СЭБ барқармасының
эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлім
жетекші маманы