Бүкілресейлік кинематография институты мен Қазақстан бірлескен кино түсіруі мүмкін
Игі бастама Сергей Герасимов атындағы институттың 100 жылдығын Қазақстанда атап өтуге арналаған іс-шаралар барысында талқыланды. Мерейтойды жоғары дәрежеде атап өту үшін елордаға Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының басшылығы мен профессорлық құрамы және дарынды студенттерінен құралған шығармашылық топ келген. Олар астаналық және алматылық көрерменге үш қойылым ұсынбақ. Айта кету керек, бүгінде Герасимов атындағы кинематографиялық институтта әлемнің 30 елінен студенттер келіп тәлім алады. Соның ішінде қазақстандық жастардың үлесі жоғары. Айман Мұсақожаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры: - Герасимов атындағы институт өкілдерін Ұлттық өнер университетінде қабылдағаныма қуаныштымын. Ұжыммен бұрыннан таныспыз. Осы кездесу барысында қос тараптың бір-бірімен студент, оқытушы және профессорлармен алмасуына мүмкіндік беретін меморандумға қол қойдық. Екі оқу орнында да оқытылатын мамандықтардың тізімін жасадық. Бізде кино және телевизия саласында тәжірибелі оператор, продюсер, драматург және режиссерлер тапшы. Облыс орталықтарындағы театрларға да тәжірибелі режиссерлер жетіспейді. Жалғыз «Қазақфильм» бар. Мұндай киностудияның көбейгенін қалаймыз.
24.kz
24.kz