ШИЕЛІ ҚАЛА БОЛА МА?
Жуырда Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстанда қалаға айналуы мүмкін ауылдардың тізімі ұсынылған болатын. Оған Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарына қарасты 17 елді мекен енген. Сондай-ақ ұсынылған тізімде Шиелі кенті де бар.
Ресми құжаттар бойынша 1928 жылы ҚазақССР Кеңесі қаулысымен дербес аудан орталығы болып шаңырақ көтерген Шиелі бүгінде 95 жылды артқа тастады. Жалпы жер көлемі 3 239 755 гектарды құрайды. Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85 772 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36 127 адам, ауылдық елді мекендерге 49 645 адам қоныстанған. Алғаш аудан құрылған 1928 жыл шағын 59 ауылды біріктірген, 5 420 қожалық ұжымдасқан, 2 қазақ орта мектебі ашылып, аз қуатты электр станциясының салынуы және тұңғыш телефон желісінің тартылуымен есте қалған. Рекордтар мекені аталып кеткен, «Қызыл Ту» колхозы да осы жылдары ашылып, даңқты диқан атанған Ыбырай Жақаевтың берекеге толы еңбек жолы басталды. Аудандық «Стахановшы» газеті шығарылып, мәдениет саласында көптеген ілгерілеушілік байқалып, шаруашылық әртараптандырылған. Жоғары Совет депутаты Малика Басарова мен жыр дүлдүлі Нартай ақынның Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің 10 күндігіне қатысуы осы жылдардың жетістіктері еді. Міне, содан бері Шиелі ақ маржанымен әлемге танылып, өндірісі өркен жайған ауданға айналды. Қазыналы қарт Қаратаудың қойнауындағы байлығын осы күні мүмкіндігінше пайдаланып жатырмыз. Әк, қиыршық тас, ванадий, цемент зауыттары тоқтаусыз жұмыс істеп, Қаратаудың етегінде қызу тіршілік одан әрі қыза түскенін айтпай кетуге болмас. 95 жылдық тарихы бар Шиелі кентінің соңғы уақытта көз алдымызда қайта түлеп, көркейіп жатқанына куә болып келеміз. Салыстырмалы түрде саралайтын болсақ, қазір кентте біршама өзгерістің орын алғанын байқауға болады. Мәселен, теміржол өткелі маңында сағаттап кептелісте тұратын көліктердің ешқандай кедергісіз аспалы көпірді асып түсіп, тегіс жолмен жүріп жатқанына да 2 жыл толды. Кіреберіс Яссауи көшесінің қос қапталы күн өткен сайын көркейіп, тар тротуары кеңейіп, тұрғындар тынығатын аллеяға айналғалы да біршама уақыт болды. Иә, әлемді жайлаған індетпен де арпалыстық. Ауданның әлеуметтікэкономикалық, рухани-мәдени салаларымен қатар, түрлі түйіткілді мәселелер де шет қалмады. Ауданда жол, жарық, су, газ, абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жөнге келе бастады. Осындай атқарылған ауқымды жұмыстардың тегіннен-тегін бітпейтіні – бесенеден белгілі дүние. Ол үшін бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемі де қомақты болатыны анық. Тіпті былтырдан бері өңірде ескі жарық бағаналарын ауыстырып, оның орнына экономикалық тиімді жарық шамдарын орнату жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Қалалану үрдісінің қарқын алғаны тек биыл емес. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру бойынша, 2021-2025 жылдары базалық қызметтерге тұрғындардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысын дамыту, көлік қатынасын жақсарту есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру жайын көтеріп келеді. Өйткені ауыл балаларының қалада тұруға аңсары ауып тұратыны жасырын емес. Ал қала статусын алу үшін, алдымен, халық санына назар аударамыз. Яғни қала статусын алуға көші-қон мәселесі де тікелей әсер етеді. Мәселен, 2013-2022 жылдар аралығында Шиелі ауданына 22 694 адам көшіп келсе, осы аралықта 32 000 адам қоныс аударып кеткен. Оның астарында жұмыссыздық, жалақының төмендігі сынды мәселелер қылау беретіні жасырын емес. Бастысы Шиелі қала болса, осы сынды мәселелер шешімін тауып, өндіріс орындары құлашын кеңге жая түсер ме еді, кім білсін?..
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ