БАҚЫТЫН ЕҢБЕКТЕН ТАПҚАН АНАЛАР
Әдеттегідей тілшілік сапармен ақпарат іздеуге ауылдарға бағыт алдық. Бұл жолы Шиелі ауданына қарасты Тұран ауылдық округі, Шеген Қодаманов ауылына жолымыз түсті. Иә, 2020 жылға дейін Төңкеріс ауылдық округі деген атаумен танылған жер қазір Ш.Қодаманов ауылы. Алдымен жұмысымыз ауылдың тыныстіршілігімен танысудан басталды. Бүгінде ауылда 3311 халық тұрады. Сондай-ақ 26 шаруа қожалығы ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады. Елді мекенде 620 орындық №158 қазақ орта мектебі, 90 орындық «Ақ бота» балабақшасы, аудандық әуез мектебінің филиалы, «Ш.Қодаманов» ЖДЕ-сы, «Ш.Қодаманов» мәдениет үйі, №10 Шиелі ауданының балаларжасөспірімдер спорт мектебінің Ш.Қодаманов елді мекеніндегі бөлімшесі, кітапхана, байланыс бөлімі, дәріхана, «Жанат», «Ынтымақ», «Шұғыла», т.б дүкендер халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ «НайманАрық» СТК-сы, «Сыр-Арна» СПКсы тіркелген. «Парманқұл халфе» атындағы мешіт, «Бәйтерек» жастар қоғамын да ерекше атап өткен жөн. Байыппен саралап қарасақ, ауылдың әлеуеті жақсы. Газбен, жылумен толық қамтамасыз етілген. Міне осылай ауылды аралай жүріп, еңбек адамдарымен де тілдесіп, жолығып көрген едік.
40 ЖЫЛ ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН
Салиха Нарымбаева – жастайынан үй мен дала тіршілігін қатар алып жүрген бейнетқор ана. Отбасында 2 қыз, 1 ұл болған. Ағасы әскерге кеткен соң, ер адамның да жұмысын істеп, үйіне жауапкершілікпен қараған. Анасы жайлы қызы былай деп әңгімелеп берді.
– Менің анам – бала кезінен өте еңбекқор болып өсті. Таң бозынан тұрып шөп орып, отын шапқан. Тұрмысқа 16 жасында шығып, 20 жасында екі баланың анасы болған. Әкем екеуі қой бағумен айналысқан. Әрмен қарай сиыр сауып, сауыншылыққа қызықты. Анам сауыншы болып жұмыс істеп жүрген кезінде мен небәрі бесте едім. Әлі есімде қыстың суық күнінде сиыр сауып, жем, су беретін. Даланың шаруасын бітіріп болған соң, үйдің тіршілігіне қамданатын. Балаларым аш болмасын, ауырып не жылап қалмасын деп безек қағып, алаңдап жүретін. Шіркін, ананың жүрегі кең ғой. Жалпы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ыстық күнде күйдірмей, суық күнде үсірмей, қанатымызды қатайтқан анашыма мың алғыс, – деді қызы Нұржамал анасын құшақтап.
– Жас кезімде күніне 20-30 бас сиыр сауатынмын. Сүттен құрт, ірімшік секілді өнімдерді де өз қолымызбен жасайтынбыз. Жұмыстың оңайы жоқ, үлкен бейнетпен келеді. Ауылдың шынайы алғысымен жасарып, шаршағанымызды ұмытып та кететін едік, – дейді еңбегімен абыройы артқан әже. «Әлемнің әміршісі – еңбек» деген рас. Адал еңбек етіп, өз несібесін тапқан, зейнетке шыққан ардақты әжей сауыншылықтан бөлек мықты аспаз болған. Кезінде «Төңкеріс» колхозында күріш бригадысында 10 жыл аспаз болып жұмыс істеген.
ТҮЙІН: Осылайша біздің 1 күндік журналистік жұмысымыз аяқталды. «Ауылым – алтын бесігім» демекші, ауылға баруды, ондағы еңбек адамдарымен жолығуды, батасын алуды ұмытпайық. Осынау жылдар бойы барлық бақытын еңбектен тапқан аналардың тау тұлғалы бейнесі мен пайым-парасаты ұрпаққа өшпес үлгі деп ойлаймыз. Еңбек аналарымен сұхбаттымыз сәтті аяқталғанға қуанып, әжейлерге жылы лебізімізді айтып Шиеліге қарай жолға шықтық...
40 ЖЫЛ ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН
Адам өмірін мәнді де мағыналы ететін – еңбек. Сол себепті кез келген кісіге абырой еңбекпен, маңдай термен келеді. «Еңбектің наны тәтті» деген тәмсіл де осыған саяды. Әр саланың өз қиындығы, машақаты бар. Оны еңбегін сіңірген адам ғана түсінеді. Сондай абыройлы, ардақты жанның бірі – Дәрікүл Жағалтаева. Жас ұрпақты білім мен тәрбиенің кәусар бұлағынан сусындатып, жүрегінің жылуын, нұрлы ақылы мен ыстық қайратын, телегей-теңіз білімін аяулы да қымбатты шәкірттеріне арнаған бірегей тұлға. Ұлағатты ұстаздың ғибратты ғұмыры көпке үлгі-өнеге деп білеміз. Айта кетейік, кейіпкеріміз 40 жылға жуық ұстаздық етіп, бастауыш сыныптың оқушыларына тәрбие берген.
– Адамшылық қасиетін қалыптастыру – мұғалім мойнындағы өте ауыр да жауапты жүк. Осы аталған жауапты жүкті ең бірінші арқалайтындар – мектептің ең негізгі іргетасы болып саналатын бастауыш сынып мұғалімдері. Кез келген ғимараттың іргетасы мықты болмаса, оның құрылысының нашар да сапасыз болатыны рас. Міне бастауыш сынып жоғарғы сыныпқа апарар іргетас болып саналады. Мәселен, өзіме бастауыш сыныпқа сабақ берген қатты ұнайтын. Өзіндік қызығы мен шыжығы бар, – деді ардагер ұстаз. Бүгінде ардақты ұстазымыз 3 қыз, 1 ұл, 2 немере тәрбиелеп отырған аялуы ана, асыл әже.
– Менің анам – бала кезінен өте еңбекқор болып өсті. Таң бозынан тұрып шөп орып, отын шапқан. Тұрмысқа 16 жасында шығып, 20 жасында екі баланың анасы болған. Әкем екеуі қой бағумен айналысқан. Әрмен қарай сиыр сауып, сауыншылыққа қызықты. Анам сауыншы болып жұмыс істеп жүрген кезінде мен небәрі бесте едім. Әлі есімде қыстың суық күнінде сиыр сауып, жем, су беретін. Даланың шаруасын бітіріп болған соң, үйдің тіршілігіне қамданатын. Балаларым аш болмасын, ауырып не жылап қалмасын деп безек қағып, алаңдап жүретін. Шіркін, ананың жүрегі кең ғой. Жалпы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ыстық күнде күйдірмей, суық күнде үсірмей, қанатымызды қатайтқан анашыма мың алғыс, – деді қызы Нұржамал анасын құшақтап.
Бірі білсе, бірі білмес ұрпақ тәрбиесіндегі озық ұлағатымен, халқының құрметіне бөленген абзал ана – Бейбіт Балтабекованың жүрген жолы тұнған тарих. Ол өмірдің мәні еңбек екенін жас күнінен жадына түйіп, заман қиындығын, тірлік тауқыметін тартып еңбекке белсене араласып ерте есейді. Өз ісінен абыройға кенелген сауыншыны барша жерлестері құрметтейді. Негізінен кейіпкеріміз Нартай ауылының тумасы. 17 жасында Найман еліне келін болып түскен. Сол кезден бастап еңбектеніп, өмірдің талай қызығы мен шыжығын көрген. Расында, апамызбен әңгіме өрбіте отырып, біраз нәрсені түйдік. Сауыншы болу айтқанға оңай шығар. Бірақ оның қиындығына төзудің өзі ерлік. Әсіресе қақаған қыс айында. Таңның атуы, күннің батуы, айналып келе беретін күндер. Аяқта резеңке етік, дала қар, ызғырық, жел. Кірпікке оралып мұз қатса да, жаңбыр жауып төгілсе де, қар төгіліп жауса да сиырды сауу керек. Жұмыстан қалмау қажет. Осының барлығы Бейбіт апаның басынан өткен еді. Сексеннің сеңгеріне келген қария әжей 30 жыл сауыншылықпен айналысқан. Оның айтуынша, бір күнде 40 сиыр сауған кездері болған. Яғни екі мезгіл сауатын.
СҮТ СЕЛДЕТКЕН САУЫНШЫ
Еңбек сүйген адамның абыройы қай кезде де асқақ болады. Оны бүгінгі кейіпкерімізден аңғардық. Еңбегі «ер атандырып, жұмысты ауыр-жеңіл деп бөліп қарамайтын, таң азаннан ел-халықтың игілігі мен тұрғындардың табиғи өнімді тұтынуы үшін еңбекке кірісетін еңбек аналарын қалайша құрметтемеске?! Міне, осындай асыл аналарымыздың бірі – Қалдыкүл Асанқызы.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ