Судья мәртебесі және сот әдебі
Ата Заңымыздың 79-бабының 1-бөлігіне сай, соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады.
Судья - сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған лауазымды адам, сот билігін атқарушы. Оған конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген. Ол өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайды, соттың отырысын дайындау не оның үкімінің немесе басқа да шешімінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау қызметін атқарады.
Еліміздегі барлық судьялардың мәртебесі бірдей және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Судьяның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” заңымен және өзге де заң нормаларымен айқындалады. Оған заңда көзделмеген соттан тыс атқарымдар мен міндеттер жүктелмейді, сондай-ақ ол қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізілмейді. Қызметке конституция мен заңдарға сәйкес сайланады немесе тағайындалады, оның қызметі аталмыш конституциялық заңда көзделген негізде және тәртіппен тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады. Судьялар ауыстырылмайды әрі тәуелсіздігі конституциямен және заңмен қорғалады және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде осы екеуіне ғана бағынады. Оған қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа ретте ешкімнің тиіспеуіне, қызметіне ешкімнің араласпауына заң жүзінде кепілдік берілген.
Республикамыздағы судьялар корпусы сот төрелігін іске асыруда және одан тыс уақытта жалпыға бірдей әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндеттелген.
Осы негізде 2016 жылы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІІV Съезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңына негізделе отырып Судьялар Әдебі кодексі қабылданды.
Осы кодексте судья үшін тәртіптік әдеп стандарттарын белгілеп, олардың адамгершілігіне, ұстамдылығына және моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылған.
Судья әдебі - бүкіл судьялар қауымдастығының жұмысына қатысты судьялардан бастап, қарапайым азаматтармен, түрлі топтармен қызмет бабында және одан тыс уақытта қатынасқа түскендегі өзін-өзі ұстауы мен шектеулері қамтылған. Алайда, азаматтар судьяларға қойылған шектеулерді теріс пиғылда пайдалануға болмайды.
Судья қызметте қабылдаған антын берік ұстай отырып қоғамдық, тұрмыстық жағдайларда өзінің судьялық лауазымына кір келтірмей жүріс-тұрысына мән беруі, оғаш әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыру барысында өзге сырттан келетін ықпалдарға, қысымдарға, сот ісіне өзгелердің араласуына жол бермеуі керек, сот ісінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, тараптардың сот отырысында сот мадениетін сақтауға шақыру судьяның міндеті болып табылады.
Еліміздегі судьяларға қатысты талаптардың күшеюі, қоғамдық қатынастардың белсенді дамуы, судьялармен өздерінің кәсіби әдеп нормаларын сақтауы халық көңілінен шығатын мінсіз сот жүйесін құрудың кепілі болары сөзсіз.
А.К.Жолдыбаев
Шиелі аудандық сотының судьясы,