Соттың қоғамдағы рөлі
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі. Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері.
Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарымыздың жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жататынын, олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейтінін атап өткен болатын. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында Президент дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажеттігі жөнінде ұсыныс келтірді.
Жолдауда қойылған міндеттерді орындау мақсатында 2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіқабылданды.
Жаңа Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш қабылданып отырған жаңа Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.
Бұл Кодекспен реттелетін қатынастардың қатысушылары болып мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар және жеке, заңды тұлғалар табылады.
Кодекс аясында іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтыны белгіленген.
Әкімшілік рәсімдердің міндеттері-жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде азаматтардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті-жария құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу.
Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу ӘРПК-нің 2-тарауында баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Аталған тарауда белгіленген әкімшілік рәсімдердің қағидаттары түпкілікті болып табылмайды және құқықтың басқа да қағидаттарын қолдануға кедергі болмайды.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары, егер бұл осы тарауда баяндалған қағидаттарға қайшы келмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде қолданылады.
Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға алып келеді.
Заңдылық қағидатына сайәкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімдерді өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Конституциясының, ӘРПК-не және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Сот әкімшілік істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, қолданылуға жататын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
Әкімшілік істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың конституциялық емес деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдерінің күші жойылуға жатады.
Әділдік қағидаты бойынша әкімшілік орган, лауазымды адам және сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті. . Егер заңда немесе дау тараптарының келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешетіні көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға қонымдылық өлшемшарттарын негізге алып шешуге міндетті.
Құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау қағидатына сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
Мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе айқындалмаған тұлғалар тобының бұзылған немесе дау айтылатын заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Прокурор осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Егер заңда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, осы тәртіп сақталғаннан кейін сотқа жолданым беруге болады.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тартуға мәжбүрлеу заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Соттың белсенді рөлі.. Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді. Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.
Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі бойынша жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуді қоса алғанда, әкімшілік сот ісін жүргізу ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады. Әкімшілік істердің жекелеген санаттарын қарау және шешу ӘРПК-де белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Ақылға қонымды мерзімді айқындау кезінде әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігі, әкімшілік процеске қатысушылардың процестік құқықтарды пайдалану және процестік міндеттерді орындау дәрежесінен көрінетін мінез-құлқы, соттың әкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асырылатын әрекеттерінің процестік тұрғыдан жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
Сот актілерінің міндеттілігі қағидатына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары мен басқа да жолданымдары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, жеке тұлғалар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері орындалуға жатпайды.
Сот актілерін, сол сияқты соттың талаптарын орындамау ӘРПК-де көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға алып келеді.
Сот актісінің міндеттілігі әкімшілік процеске қатыспаған мүдделі тұлғаларды бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.
Мұнан бөлек, әкімшілік рәсімдерді жүргізу мөлшерлестік, әкімшілік қалауды жүзеге асыру шектері, құқықтар басымдығының қағидаты, сенім құқығын қорғау, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, анықтық презумпциясы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Әрбір тұлға өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін жаңа Кодексте белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Дегенмен, егер нақты заңда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, сотқа осы тәртіп сақталғаннан кейін жүгінуге жататынын ескеруіміз қажет.
Азамат немесе оның мүддесі үшін прокурор сотқа талап қоюшы ретінде адамның жария-құқықтық қатынастардан туындайтын бұзылған құқықтарын, бостандықтары, заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік талап қоюмен (талап қою) жүгіне алады.
Ал сотта талап қою берілген әкімшілік орган немесе лауазымды адам жауапкер болып табылады.
Әкімшілік сотта әкімшілік іс дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы, әрекет жасау туралы, тану туралы талап қоюлар негізінде қозғалады.
Жаңа Кодексте жоғарыда аталған соттың белсенді рөлі нақты айқындалған. Ол үшін соттың жүзеге асыратын әрекеттері: әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеу; соттың өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинау, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындау.
Бұл сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп ғана қоймай, белсенді рөл атқаруы тиіс екенін белгілейді.
Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік Кодексі азаматтардың құқығын қорғаумен қатар мемлекеттік орган мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы туындаған дауларда теңсіздікті жоюға бағытталған. Себебі әкімшілік рәсімдердің міндеттерінің бірі жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады. Мұны Кодекстің дәлелдемелер және дәлелдеу бекітілген 19-тарауының мазмұнынан да байқауға болады. Кодекс талабына сәйкес дау айту жөніндегі талап қою бойынша дәлелдеу ауыртпалығы талап қоюшыға емес, ауыртпалық түсіретін актіні қабылдаған органға, яғнижауапкерге жүктеледі. Сондай-ақ егер, әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот оларды өз бастамасы бойынша жинайды, ал тараптар сотқа істің нақты мән-жайларын зерттеуге және дәлелдемелерді жинауға жәрдемдесуге міндетті.
Кодекстің бұл талаптары да Президенттің өткен жылғы Жолдауында көрініп тапқан болатын. Мемлекет басшысы бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы екенін, аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болатынын, заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс екенін атап өткен еді.
Құқық мирасқорлығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
Өзінің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) қозғаған немесе қозғауы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып танылады.
Мүдделі тұлға ӘРПК-нің 22-бабыекінші бөлігінің 8) тармақшасын қоспағанда, аталған Кодекстің 22-бабында көзделген құқықтарды пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталық референдум комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді.
Әкімшілік істерді апелляциялық сатыдағы сотта судьялардың тақ сандағы (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайды, олардың бірі төрағалық етуші болып табылады. Судья соттар шығарған ұйғарымдарға жекеше шағымдарды жеке-дара қарайды.
Әкімшілік істерді кассациялық сатыдағы сотта сот алқасы төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының тақ сандағы (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайды.
Кассациялық сатыдағы сот қаулыларын қайта қарау жөніндегі әкімшілік істерді қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының немесе оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ сандағы (кемінде жеті судья) алқалы құрамы жүргізеді.
Әкімшілік істі мәні бойынша қарау мен шешу басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі. Сот талап қою бойынша жауап беруге тиісті емес тұлғаға талап қою беріліп отырғанын анықтап, талап қоюшыны шақырады, тиісті емес жауапкерге талап қоюды берудің салдарларын түсіндіреді және талап қоюшының келісуімен тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға жол береді. Егер талап қоюшы жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот талап қоюшының келісуінсіз бұл тұлғаны екінші жауапкер ретінде тарта алады.
Әкімшілік процестегі мүдделі тұлға. Сот актісі өзінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін тұлға мүдделі тұлға деп танылады.
Мүдделі тұлғалар әкімшілік істі бірінші сатыдағы сотта қарау мен шешу аяқталатын сот актісі қабылданғанға дейін, егер бұл сот актісі олардың құқықтарына, міндеттері мен заңды мүдделеріне әсер етуі мүмкін болса, әкімшілік іске өз бастамасы бойынша талап қоюшының немесе жауапкердің тарапынан кіруге құқылы. Мүдделі тұлғалар соттың бастамасы бойынша немесе әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша әкімшілік іске қатысуға тартылуы мүмкін.
Мүдделі тұлғалар талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қоюды кері қайтарып алу, талап қоюды тану немесе татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу құқығын қоспағанда, талап қоюшының немесе жауапкердің процестік құқықтарын пайдаланады және процестік міндеттерін атқарады.
2) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
3) мемлекеттiң барлық мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарының құзыретінің нақты ажыратылуы және келісіп жұмыс істеуі жағдайларында жүзеге асырылады.
. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және түпкілікті орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға тиiс.
Мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарлары мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады.
Мемлекеттік органның жұмыс жоспары негізінде осы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын жасайды.
Шиелі аудандық сотының судьясы Ж.Т. Сарбасова
Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарымыздың жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жататынын, олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейтінін атап өткен болатын. Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында Президент дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажеттігі жөнінде ұсыныс келтірді.
Жолдауда қойылған міндеттерді орындау мақсатында 2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіқабылданды.
Жаңа Кодекс 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш қабылданып отырған жаңа Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.
Бұл Кодекспен реттелетін қатынастардың қатысушылары болып мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар және жеке, заңды тұлғалар табылады.
Кодекс аясында іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтыны белгіленген.
Әкімшілік рәсімдердің міндеттері-жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде азаматтардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті-жария құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу.
Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу ӘРПК-нің 2-тарауында баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Аталған тарауда белгіленген әкімшілік рәсімдердің қағидаттары түпкілікті болып табылмайды және құқықтың басқа да қағидаттарын қолдануға кедергі болмайды.
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары, егер бұл осы тарауда баяндалған қағидаттарға қайшы келмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде қолданылады.
Әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттарын бұзу оның сипатына және елеулі болуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшін жоюға алып келеді.
Заңдылық қағидатына сайәкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімдерді өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының Конституциясының, ӘРПК-не және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Сот әкімшілік істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, қолданылуға жататын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
Әкімшілік істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың конституциялық емес деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдерінің күші жойылуға жатады.
Әділдік қағидаты бойынша әкімшілік орган, лауазымды адам және сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті. . Егер заңда немесе дау тараптарының келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешетіні көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға қонымдылық өлшемшарттарын негізге алып шешуге міндетті.
Құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау қағидатына сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
Мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе айқындалмаған тұлғалар тобының бұзылған немесе дау айтылатын заңды мүдделерін қорғау туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Прокурор осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.
Егер заңда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, осы тәртіп сақталғаннан кейін сотқа жолданым беруге болады.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тартуға мәжбүрлеу заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Соттың белсенді рөлі.. Әкімшілік сот ісін жүргізу соттың белсенді рөлі негізінде жүзеге асырылады. Сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қана қоймай, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттейді. Судья әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.
Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындайды.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі бойынша жекелеген процестік әрекеттерді жүргізуді қоса алғанда, әкімшілік сот ісін жүргізу ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады. Әкімшілік істердің жекелеген санаттарын қарау және шешу ӘРПК-де белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Ақылға қонымды мерзімді айқындау кезінде әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігі, әкімшілік процеске қатысушылардың процестік құқықтарды пайдалану және процестік міндеттерді орындау дәрежесінен көрінетін мінез-құлқы, соттың әкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асырылатын әрекеттерінің процестік тұрғыдан жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
Сот актілерінің міндеттілігі қағидатына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары мен басқа да жолданымдары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, жеке тұлғалар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері орындалуға жатпайды.
Сот актілерін, сол сияқты соттың талаптарын орындамау ӘРПК-де көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға алып келеді.
Сот актісінің міндеттілігі әкімшілік процеске қатыспаған мүдделі тұлғаларды бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.
Мұнан бөлек, әкімшілік рәсімдерді жүргізу мөлшерлестік, әкімшілік қалауды жүзеге асыру шектері, құқықтар басымдығының қағидаты, сенім құқығын қорғау, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, анықтық презумпциясы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Әрбір тұлға өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін жаңа Кодексте белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Дегенмен, егер нақты заңда дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібі белгіленсе, сотқа осы тәртіп сақталғаннан кейін жүгінуге жататынын ескеруіміз қажет.
Азамат немесе оның мүддесі үшін прокурор сотқа талап қоюшы ретінде адамның жария-құқықтық қатынастардан туындайтын бұзылған құқықтарын, бостандықтары, заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік талап қоюмен (талап қою) жүгіне алады.
Ал сотта талап қою берілген әкімшілік орган немесе лауазымды адам жауапкер болып табылады.
Әкімшілік сотта әкімшілік іс дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы, әрекет жасау туралы, тану туралы талап қоюлар негізінде қозғалады.
Жаңа Кодексте жоғарыда аталған соттың белсенді рөлі нақты айқындалған. Ол үшін соттың жүзеге асыратын әрекеттері: әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеу; соттың өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинау, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді орындау.
Бұл сот әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп ғана қоймай, белсенді рөл атқаруы тиіс екенін белгілейді.
Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік Кодексі азаматтардың құқығын қорғаумен қатар мемлекеттік орган мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы туындаған дауларда теңсіздікті жоюға бағытталған. Себебі әкімшілік рәсімдердің міндеттерінің бірі жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады. Мұны Кодекстің дәлелдемелер және дәлелдеу бекітілген 19-тарауының мазмұнынан да байқауға болады. Кодекс талабына сәйкес дау айту жөніндегі талап қою бойынша дәлелдеу ауыртпалығы талап қоюшыға емес, ауыртпалық түсіретін актіні қабылдаған органға, яғнижауапкерге жүктеледі. Сондай-ақ егер, әкімшілік процеске қатысушылар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, сот оларды өз бастамасы бойынша жинайды, ал тараптар сотқа істің нақты мән-жайларын зерттеуге және дәлелдемелерді жинауға жәрдемдесуге міндетті.
Кодекстің бұл талаптары да Президенттің өткен жылғы Жолдауында көрініп тапқан болатын. Мемлекет басшысы бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге құқылы екенін, аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес, мемлекеттік органға жүктелетін болатынын, заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс екенін атап өткен еді.
ӘКІМШІЛІК ОРГАН, ЛАУАЗЫМДЫ АДАМ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР.
Әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым.
Лауазымды адам – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген адам.
Арыз иесі және мүдделі тұлға әкімшілік рәсімге қатысушылар болып танылады.Құқық мирасқорлығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);
Өзінің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) қозғаған немесе қозғауы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып танылады.
Мүдделі тұлға ӘРПК-нің 22-бабыекінші бөлігінің 8) тармақшасын қоспағанда, аталған Кодекстің 22-бабында көзделген құқықтарды пайдаланады.
СОТ. Соттың құрамы. Әкімшілік істерді бірінші сатыдағы сотта соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды және шешеді.
Инвесторлардың талап қоюы бойынша әкімшілік істерді Нұр-Сұлтан қаласының сотында судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді.Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталық референдум комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында судья бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша жеке-дара қарайды және шешеді.
Әкімшілік істерді апелляциялық сатыдағы сотта судьялардың тақ сандағы (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайды, олардың бірі төрағалық етуші болып табылады. Судья соттар шығарған ұйғарымдарға жекеше шағымдарды жеке-дара қарайды.
Әкімшілік істерді кассациялық сатыдағы сотта сот алқасы төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының тақ сандағы (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайды.
Кассациялық сатыдағы сот қаулыларын қайта қарау жөніндегі әкімшілік істерді қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының немесе оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуімен судьялардың тақ сандағы (кемінде жеті судья) алқалы құрамы жүргізеді.
ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР. Әкімшілік процеске қатысушылардың құрамы. Талап қоюшы, жауапкер, мүдделі тұлға және прокурор әкімшілік процеске қатысушылар болып табылады.
Талап қоюшы-өзінің бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген адам не оның мүддесі үшін прокурор, Қазақстан Республикасының заңдарында осындай өкілеттік берілген өзге адам талап қоюды берген тұлға.
Жауапкер–сотта талап қою берілген әкімшілік орган немесе лауазымды адам.
Талап қоюшы мен жауапкер сотқа әкімшілік істің шын мәніндегі мән-жайлары туралы толық және шынайы түрде мәлімдеуге, әкімшілік процеске басқа да қатысушылардың растайтын фактілерін теріске шығаратын құжаттарды сотқа айтуға немесе ұсынуға міндетті. Олардың процестік міндеттерді орындамауы осы Кодексте көзделген процестік салдарлардың басталуына алып келеді.Әкімшілік істі мәні бойынша қарау мен шешу басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі. Сот талап қою бойынша жауап беруге тиісті емес тұлғаға талап қою беріліп отырғанын анықтап, талап қоюшыны шақырады, тиісті емес жауапкерге талап қоюды берудің салдарларын түсіндіреді және талап қоюшының келісуімен тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға жол береді. Егер талап қоюшы жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот талап қоюшының келісуінсіз бұл тұлғаны екінші жауапкер ретінде тарта алады.
Әкімшілік процестегі мүдделі тұлға. Сот актісі өзінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғаған немесе қозғауы мүмкін тұлға мүдделі тұлға деп танылады.
Мүдделі тұлғалар әкімшілік істі бірінші сатыдағы сотта қарау мен шешу аяқталатын сот актісі қабылданғанға дейін, егер бұл сот актісі олардың құқықтарына, міндеттері мен заңды мүдделеріне әсер етуі мүмкін болса, әкімшілік іске өз бастамасы бойынша талап қоюшының немесе жауапкердің тарапынан кіруге құқылы. Мүдделі тұлғалар соттың бастамасы бойынша немесе әкімшілік процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша әкімшілік іске қатысуға тартылуы мүмкін.
Мүдделі тұлғалар талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қоюды кері қайтарып алу, талап қоюды тану немесе татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу құқығын қоспағанда, талап қоюшының немесе жауапкердің процестік құқықтарын пайдаланады және процестік міндеттерін атқарады.
Прокурор. Әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығына жоғары қадағалауды мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да жүзеге асырады.
Прокурор өзіне заңда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында салықтық, кедендік, бюджеттік қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану және молайту саласындағы қатынастардан туындайтын әкімшілік істер бойынша, мемлекеттен және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы әкімшілік істер бойынша қорытынды беру үшін, сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғап, сондай-ақ әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға орай құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін өзі дербес қорғауды жүзеге асыра алмайтын адамдардың немесе шектелмеген тұлғалар тобының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуі мүмкін болғанда не прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда процеске кіріседі.ӘКІМШІЛІК ІСКЕ ҚАТЫСАТЫН ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР қатарына куә, маман, сарапшы, аудармашы жатады.
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ІШКІ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
Мемлекеттік органдардың ішкі әкiмшiлiк рәсiмдерiн жүзеге асыру шарттары. ӘРПК-де көзделген мемлекеттік органдардың ішкі әкiмшiлiк рәсiмдері:
1) мемлекеттік сайлау органдарын қоспағанда, төмен тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрғандарға бағынуы;2) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
3) мемлекеттiң барлық мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарының құзыретінің нақты ажыратылуы және келісіп жұмыс істеуі жағдайларында жүзеге асырылады.
Жеке қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Жеке қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру тиісті уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының қабылданған шешiмдi уақтылы және түпкілікті орындау жөнiндегi шараларды әзiрлеуі мен қабылдауынан тұрады.
Қажет болған жағдайда жеке қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзiрлейді және бекiтедi, ол тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзіледi.. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және түпкілікті орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға тиiс.
Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау. Мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған кезде тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.Мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарлары мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады.
Мемлекеттік органның жұмыс жоспары негізінде осы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын жасайды.
Мұнан өзге мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдері мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттерін, мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың қаралуы мен өтуiн, қызметтік құжаттардың орындалуын ішкі бақылау, Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру, осы қатынастардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыретін жүзеге асыру тәртібін реттейді.
Бізде өз кезегінде жаңа заңнама жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруына ықпал етіп, осы саладағы заңдылықты нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз.Шиелі аудандық сотының судьясы Ж.Т. Сарбасова