«ТАРЛАН ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ» АТТЫ ЖАҢА ӨЛКЕТАНУ ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Жоба туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес мәлімдеді.
«Тарлан тарих тағылымы» атты жаңа өлкетану жобасы ұлттық тарихымызды көпшілікке танытып қана қоймай, төл мәдениетімізді де дәріптейді.
«Бұл жобаға тарихшылар, өлкетанушылар қатыстырылып, және ең бастысы ауылдардағы қарт абыздарымыздың естеліктері жазылып, құнды тарихи мәліметтер жинақталады. Нақты жұмыстар жаз айында басталады. Бүгін міне, осындай маңызды жобаның тұсауы кесілді», - деді Ержан Байтілес.
Сонымен қатар, «Балаларға арналған ІТ-сыныптар», «ІТ-мамандарды даярлау», «Геоақпараттандырылған онлайн сервис», «Тілдердің үштұғырлылығына өту», «Қазақстанның кітапханалары» партиялық жобалары да талқылануда.
Жалпы, халық тарапынан келіп түскен ұсыныстардың нәтижесінде 20-дан астам партиялық жоба дайындалды. Оның ішінде ең бірінші осыған дейін жұмыс істеп келген «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» атты екі бұрынғы жоба да бар.
«Цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобалар бар. Оның ішінде ең бірінші балаларға арналған ақысыз ІТ-сыныптар партиялық жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты – балалар үшін қазіргі заманғы ІТ-технологияларды қолданумен білім алудың қолжетімділігі», - деді «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Нұрлыбек Мыңжасов.
Алдағы уақытта, партияның аймақтық және аумақтық филиалдары өкілетті мемлекеттік органдармен және «Рухани жаңғырудың» аймақтардағы орталықтарымен бірлесіп, тарихшы, мәдениеттанушы, саясаттанушы, этнографтардың, археологтардың, жергілікті жоғары оқу орындарының ғалымдарының қатысуымен түрлі шаралар өткізетін болады.
Сонымен қатар, еліміздің әрбір өңірінде жергілікті тұрғындар үшін Қожа Ахмет Яссауи, Арыстанбаб, Бекет Ата, Қорқыт Ата, Қобыланды батыр кесенесі секілді киелі орындарға ішкі туризм сапарларын ұйымдастыру көзделуде.