Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰЗДЫ БӨЛМЕ ТЫНЫСЫҢДЫ АШАДЫ

ТҰЗДЫ БӨЛМЕ ТЫНЫСЫҢДЫ АШАДЫ



Шиелі ауданының жас кәсіпкері Бибінұр Муталипова «Соль+»  тұзды ем орталығын ашып, тұрғындарға табиғи емдік қызметтер көрсетуде. Тұзды бөлменің жалпы аумағы – 150 шаршы метр, сыйымдылығы – 10 адамды құрайды.  Ендеше  дертке шипа тұзды ем орталығымен кеңірек танысайық.
Тұзды ем бөлмесі ыңғайлы арқалы орындықтармен, жарықпен және баян әуенмен жабдықталған. Арнайы аппараттан тазартылған, өңделген тұз ауаға тарайды. Емдік тұз Қызылордадан алынады. Адам 40 минут ем алу арқылы тұзды ағзасына сіңіреді. Бұл ем қатарынан 10 күн алынуы керек. Отбасымен де бірге келіп, ем алуға болады. Кәсіпкердің айтуынша, ауыл бағдарламасы бойынша 8,6 млн теңге жеңілдетілген несие алып кәсібін ашқан.
– Орталықтың ішінде барлық гигиеналық талаптар сақталған. Иммунитетті көтеру үшін 10 күн ем алады. Ал егер аурудың асқынған түрі болса, онда курс мерзімі 15-20 күнге дейін созылуы мүмкін, – дейді кәсіп иесі.
Табиғи емдік қызметтер көрсетілетін орталық экологиялық аймақта орналасқан аудан жұртшылығы үшін пайдасы зор. Әсіресе, түрлі ауруларға шалдығып, антибиотиктерді қабылдап, иммунитеті әлсіреген жандарға көмегі көп. Ешқандай дәрі-дәрмексіз табиғи ем-домды осы жерден алуға болады.
Жас кәсіпкердің анасымен тілдескенімізде орталық қалай ашылғанын айтып берді.
  –Аймақта ауа таза емес екені белгілі. Соның салдарынан бронхит ауруына шалдыққандар көп. Өзім анамын. Балаларым жөтеліп, ауырғанда қатты алаңдап кетемін. Сөйтіп, отбасымызбен ақылдасып осындай адам ағзасына пайдалы жоба дайындайық деп шешім қабылдаған едік. Кәсіпті 2023 жылдың 10 желтоқсанында бастадық. Расында, тұзды ем орталығын басқа қаладан іздеп баратын едік. Бүгінде кәсібіміз нәсібімізге жарап тұр, – деді Индира Жантуреева. 
   Тұзды бөлменің емдік қасиеті бұрыннан белгілі емес пе? Бронхит, жүрек аурулары, невроз, демікпе және аллергия сынды ауруларға мың шипа. Сондай-ақ тыныс жолдарын микробтардан қорғайды. Айта кетейік, тұз иодталмаған және  2,5 тоннаны құрайды.
 Емдік қызметтерді алу ересектер үшін – 1000 теңге. Балаларға – 500 теңге. Бұл негізгі бағасы. Дәл қазір орталықта жеңілдік жүріп жатыр. Ашып айтсақ, ересектерге – 500 теңге, ал 3-12 жасқа дейінгі балаларға тегін қызметтер көрсетілуде. Көп балалы аналар мен зейнеткерлерге де  жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар мұнда массаж қызметін көрсететін жұмысшы да бар. Кәсіпкер болашақта бұл жобаны әрі қарай дамытқысы келетінін айтты. Оның мақсаты – аудан тұрғындарына өзге облыстарға бармай-ақ,  ауданнан қолжетімді бағада ем алуға мүмкіндік жасау.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
22 қаңтар 2024 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031