Алмалының өнімі – «Шах сабыны»
Нұржан Кенжебеков – Шиелі ауданы, Алмалы ауылының тұрғыны. Жұмысына тиянақты, ісіне мығым, жауапкершілігі мол, өз ісін адал атқаратын кәсіпкер. Ол төрт ай бұрын кір сабын шығаратын шағын кәсіп бастаған. Күнделікті қолданыстағы кір сабынның жасау әдісі қандай? Және сабын бизнесін бастау идеясы қалай келгені туралы Нұржанның өзінен сұрап білген едік.
«Шах сабыны» қалай пайда болды?
Негізгі мамандығым – инженер-механик. Бала кезімнен бірнеше істі қатар алып жүргеннен кейін, бұл кәсіпті бастау қиын болмады. Жалпы қазақ «көз – қорқақ, қол – батыр» дейді емес пе? Сол себепті сабын шығаруды қолға алдым. Ең алғаш сабын жасау техникасын қазалылық кәсіпкер Руслан Бөлекбаевтан үйрене бастадым. Тек теориялық тұрғыда ғана емес, тәжірибе жүзінде де іске асырып көргенмін. Соның нәтижесінде осы кәсіпті бастап, тәуекел жасадым. Кейін балаларымыз да бізге көмектесе бастады. Отбасымызбен жеке кәсібіміз болғанын қаладық. Мұрадан мұраға жалғасады деген мақсатпен, кенже ұлымның атымен «Шах сабыны» деп қойдық.

Экологиялық таза өнім
Сабынның құрамы 100 пайыз экологиялық таза өнімдерден тұрады. Қасиеттері де жоғары. Былайша айтқанда, тері ауруларын, майлы беттерге пайдалы. Безеуді де кетіреді. Кәсіпкердің айтуынша, ешбір химиялық қоспа жоқ. Бастысы – табиғи таза өнім, сапасы жоғары. Тіпті суға да ерімейді. Қолданғанда жақсы көпіреді. Құрамының басым бөлігі тоқ май, күнбағыс майдың қалдығы және каустик содасынан жасалады.

Қазіргі таңда 150, 200, 300 грамдық сабыннан тәулігіне 1000,1500 дана шығарылады. Сабынның бағасы да тұрғындар үшін әлдеқайда қолжетімді. Сабын бағасы 250,150,80 теңгеден сатылады. Ал сұранысына келер болсақ, бүгінде тек Алмалы ауылы ғана емес, Шиелінің түкпір-түкпірінен кең көлемді тапсырыстар түсіп жатыр.
Бизнес бірден жүріп кетпейді
Шынында да, бастаған бизнес бірден жүріп кетпейді. Кәсіп ашу табандылықты қажет етеді. Ешқандай қиындыққа мойымай, еңбекқорлықпен еңбек етіп келемін. Алғашқыда сабын жасауда қиыншылықтар кездесті. Мәселен, қоспалардың дұрыс қосылмай қалған кездері болды. Және шыққан сабынның сапасын дұрыс қадағаламай, қателік жіберген сәттерді айта кету керек. Бірақ, біз оған мойымадық. Бүгінде әр нәрсені бақылап, дұрыстап істеп, цехтағы жұмыс қызу жүргізілуде.

Болашаққа сенімді қадам
Келешекте бұл кәсіпті кеңейткіміз келеді. Бүгінде цехтағы жұмыс қызу жүргізілуде. Мақсатымыз – айқын, міндетіміз – зор. Алдағы уақытта қол жууға, кілем және ыдыс аяқ жууға арналған сұйық сабындар шығару ойда бар. Сондай-ақ арнайы үлкен аумақты ғимарат салсам, нұр үстіне нұр болар еді. Тапқан табысымыз адал, балаларымыздың қажеттіліктеріне жетеді. Басты мақсатымыз – ауылдың, ауданның атын шығарып, «Шах сабыны» өніміне сұранысты арттыру.

Айнұр ИБРАШЕВА