МАКАРОН ӨНДІРІСІН НЕГЕ АШПАСҚА?

Мәселен, макарон өндірісін алып қарайықшы. Деректерге сүйенсек, макарон өнімдері ең алғаш Азия елдерінде ертеден белгілі болған. Орта ғасырларда неополитон саудагерлері макарон өнімдерін АҚШ-тан Италияға әкелген. Содан бастап Италия макарондардың Отаны атанған.
Өнімнің сипаттамасына назар аударсақ. Біріншіден, бұл өнім өз қасиеттерін жоғалтпай отырып сақтау мерзімі 1 жылға дейін созылады. Дайындалудағы жылдамдығы мен жайлылығы ұтымды. Жоғары азық бағалығына ие. Яғни, оның 100 г құрғақ өнімнен дайындалған ас адам ағзасының тәулік ішінде қажет ететін ақуыз бен көмірсутектің 10 пайызын қанағаттандырады.Екіншіден, макарон өнімдеріндегі ақуыз мен көмірсутектің қоректендіргіш заттарының жоғары меңгерілуі өте жақсы.
«TNS Gallup Media Asia» компаниясымен жүргізілген «Media Market Indexl» зерттеулерге қарасақ, Қазақстанда макарон өнімдерін тұрғындар 97 пайызын тұтынады екен. Демек, бұл өнімге сұраныс жоғары.
Өнім қалай сатылады? Өнімнің сатылуы компанияның коммерциялық қызметі төлем қабілеті бар тұтынушыларға бағытталуы және олармен ұзақ мерзімді келісім-шарттық қатынастарға негізделуі тиіс.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылы макарон өнімдерін (вермишель, спагетти, макарон және рожки) тұтынуды жан басына шаққанда 18 келіні құрады. Бұл Тунис елімен салыстырғанда бір есе, ал АҚШ-тан екі есе көп.
Ал Қазақстан макаронды көп жейтін елдердің қатарында. Бұл дегеніміз – кеспе және макарон өнімдері қазақстандықтардың рационындағы маңызды элементтердің бірі. Әсіресе аталған өнім ұлттық тағамдармен тығыз байланысты. Жалпы өнім негізінен Қостанай облысы СҚО, БҚО және Астана, Шымкент қаласында шығарылады.
Біздің ауданда ше? Өкінішке қарай, мұндай өндіріс кәсіпорындары жоқ. Ендеше тауар және азық-түлік өнімдеріне неге мән бермеске? Құрметті оқырман, сіз қалай ойлайсыз?
Айнұр ИБРАШ