ЗИЯТКЕРЛІК КЕШЕН – ЕЛДІҢ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІГІ
Елімізде экономиканың экспорттық-шикізаттық даму түрінен инновациялық дамуға көшу бағыты алынғаны баршаға мәлім. Бүгінгі күні инновациялар ұлттық экономикалардың және қоғамның әл-ауқаты деңгейінің тұрақты дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар жаһандық бәсекенің маңызды факторына айналған. «Инновациялық сын-тегеурін» әлеуметтік, экономикалық және саяси маңыздылығына байланысты елдің ұлттық мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін күшті зияткерлік әлеуетті талап етеді. Көптеген әйгілі зерттеуші-ғалымдардың ойынша, инновациялық экономиканы құру – ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің басты факторына айналуы тиіс.
Зияткерлік әлеует қазақстандық экономиканың өсуіне күтілетін маңызды ықпал ету үшін оны басқарудың тиімді ұйымдық-экономикалық механизмін құру қажет. Ол механизмнің негізгі элементі – дамудың баламалы нұсқаларын ескеретін, болашақтың мүмкін нұсқаларын, жаңа тенденциялары мен мүмкіндіктерін болжау болып табылады. Осы мақсатта дүниежүзілік тәжірибеде Форсайт басқару технологиясы қолданылады (ағылш. Foresight – «болашаққа көзқарас»). Бұл технология арқылы ғылымның, технологиялардың, экономика мен қоғамның ұзақ мерзімді перспективаларын бағалауға болады, нәтижеде ең жақсы әлеуметтік-экономикалық игіліктерді тудыратын жаңа технологиялар мен зерттеулердің стратегиялық бағыттары анықталады.
Бұл мәселені шешу барысында республиканың жоғары оқу орындарына ерекше міндет жүктеледі, себебі олар Қазақстанның жоғары сапалы зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына белсенді қатысады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Қазақстанның зияткерлік әлеуетінің ұйытқысы болып табылатын әртүрлі форматтағы жоғары деңгейлі жас мамандардың және зерттеушілердің негізгі ұстаханасы деуге болады. Бүгінгі күні университетте 15 факультет өздерінің көптеген және түрлі жоғары сапалы білім бағдарламаларын белсенді ұсынады, олардың ішінен Экономика және бизнес жоғары мектебінің орны ерекше. Бұл мектептің түлектері республикамыздың жоғары билік орындарында қызмет көрсетіп жүрген көптеген заманауи топ-менеджерлері, әртүрлі министрліктер басшылары холдингтер және қорлардың президенттері, ірі ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар жетекшілері. Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады және олардың қатарын жыл сайын жоғары деңгейлі, заманға сай құзыреттерді иемденген мамандар да толықтырып тұр. Осыған орай, еліміздің заманауи зияткерлік ұрпақтың қалыптасуына, оның өсіп-өруіне маңызды үлесін қосқан Экономика және бизнес жоғары мектебінің, Экономика кафедрасының жоғары біліктілікті профессорлық-педагогикалық ұжымының орны ерекше екендігі сөзсіз. Оның ерен еңбегінің арқасында білім берудің барлық деңгейлерінде студенттер фундаментальді экономикалық білім алады.
QS «WUR by Subject» рейтингісінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соңғы екі жыл бойы әлемнің ең үздік 300 ЖОО тізіміне кіреді; университет алғашқы рет «Заманауи жаратылыстану» мамандығы бойынша әлемнің 101-150 ЖОО тобына енді. Бұл ҚазҰУ-ді әлемдік деңгейдегі зерттеуші университетіне айналдыру бойынша жүйелі жұмыстың үлкен нәтижесі.
Сонымен қатар, "Great Value Colleges" атты әйгілі халықаралық ұйымның зерттеулері нәтижесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлемдегі 50 технологиялық жағынан аса дамыған университеттері рейтингісінде 31 орынға ие болғанын көрсетеді. Университетіміздің ғалымдарының әзірлемелері өндіріске іске қосылып, ғылыми жұмыстары рейтингісі жоғары журналдарда жарияланып тұрады. Осының арқасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Thomson Reuters" халықаралық агенттігінің «Ғылым саласындағы аса көрнекті жетістіктер үшін» атты арнайы дипломымен марапатталған Қазақстандағы алғашқы және бірден-бір жоғары оқу орны болды. Университет әлемнің беделді ЖОО-ларымен екі жақтық диплом беретін білім алу жүйесін белсенді дамытып келеді.
Жылдан жылға жоғары білім беру жүйесі жетіліп келеді, бұл еліміздің зияткерлік әлеуетіне оң әсерін тигізеді. Инновациялар мен жаңа идеяларды жүзеге асыру еңбек нарығында талап етілетін маман болуға және еліміздің, халқымыздың игілігіне қызмет етуге мүмкіндіктер береді.
Д.РАХМАТУЛЛАЕВА,
экономика кафедрасының
PhD докторы,
Ә.ҚАДІРБЕКОВА,
«Экономика» мамандығының
4-курс студенті.