«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Бейсенбі күні Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табыс етілді. Бизнес, ғылым, мәдениет, медиа және ақпараттық технологиялар саласындағы үздік 30 жобаның авторына 3 миллион теңгеден сыйақы берілді.
Бұл грант Мемлекет басшысы бастамасымен 2021 жылы тағайындалған. Мұндағы мақсат - жастардың идеясын қолдау. Содан бері 63 азамат өз жобасын Қазақстанда әрі шетелде де табысты жүзеге асырып келеді. Биыл байқауға 5 бағыт бойынша 3 мыңнан аса өтінім түскен.
Бұл грант Мемлекет басшысы бастамасымен 2021 жылы тағайындалған. Мұндағы мақсат - жастардың идеясын қолдау. Содан бері 63 азамат өз жобасын Қазақстанда әрі шетелде де табысты жүзеге асырып келеді. Биыл байқауға 5 бағыт бойынша 3 мыңнан аса өтінім түскен.
Ақжолтай жаңалық. Осы конкурста «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша шиелілік Нұрлан Қанатұлы жеңімпаз атанды. Ол осы аталған бағыт бойынша «Qmed – науқас адамдарды қадағалау бағдарламасын» жасап шығарған.
– Әуелі Алла, екінші командамның арқасында, үшінші еңбектің арқасында осындай жеңіске жету бұйырыпты. Бұл жоба – медицина саласына арналған. Мақсат –емделушінің хал-жағдайын тұрақтандыру. Өз-өзін емдеуге ықпалдандыру. Қазіргі таңда Алматы қаласында Денсаулық басқармасымен меморандумға отырдық. Қосымша екі емханаға бұл системаны орнаттық. Келесі Алматыдағы бүкіл емханаға осыны орнатып, әрмен қарай өзге аймақтарға енгізу ойымызда бар, – дейді Нұрлан.
Айта кетейік, Нұрлан Қанатұлы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік қызмет және корпоративтік персоналды басқару» мамандығын тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық степендиясының түлегі. Бүгінде «qBots» компаниясының негізін қалап, 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
«Өскен өңір» ақпарат