Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Калифорниялық қалқанша сымыры

Калифорниялық қалқанша сымыры

   Қалқаншалы сымырлар — Уикипедия      Зиянкес теңқанаттылар отряды, сымырлар отряд тармағының қалқаншалылар тұқымдасына жатады.Қазақстанда ішкі карантиндік нысанға жатады.Қайда таралған: Қазіргі таңда Қызылорда облысы Шиелі ауданында 4 карантиндік объектінің 1 (бірі) калифорниялық қалқаншалы сымыры болып табылады.Залалдайтын өсімдіктері: Алма, алмұрт, шабдалы, өрік, шие, қара өрік, миндаль, қызыл шие, долана, алхоры, раушан, жұпаргүл, тунг, мамыргүл, айва, тал, құмақ, грек жаңғағы, ырғай т.б.Өсімдіктің 84 тұқымдасынан барлығы 270-ке жуық түрі бар.Қалай анықтаймыз: Калифорниялыққалқанша сымырын табу үшін өсімдіктің барлық бөлігін діңгекті, сабақтарды, өсіндіні жапырақты жемістерді мұқият қарау керек, әсіресе жеміс сабағы мен гүл тостағаншасына мән беру керек.Калифорниялыққалқаншалы сымырмен зақымданған мәдени және жеміс ағаштарының діңгек қабығымен сабағы көлденең және ұзыннан шытынайды.Зиянкес қоректенетін жеміс ағашының діңі мен бұтақатарының ескіре бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән қызғылт дақтар пайда болады.Нәтижесінде ондай ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Зияндылығы: Жеміс ағаштарының барлық үстіңгі бөлігін, сонымен қатар жемістерін залалдайды.Калифорниялық қалқанша сымырдың имагосы және дернәсілдері сабақтың өскінінің және жемісінің сөлін сорады, өсімдікті қорексіздендіреді.Өнімді жоғалту 43-тен 100 %-ке дейін болуы мүмкін. Ол әсіресе жас бақтарға қатты зиян келтіреді.Карантиндік шаралар және күресу жолдары: Ағаштар шайылып олеокуприт, ДНОК және минералды майлардың эмульсиясымен бүршік атқанша бүркілуі тиіс.Бірінші ұрпақ дернәсілдері шыққан кезде фосфор органикалық препараттармен бүрку.Жыл сайын барлық жеміс ағаштары ферромонды ұстағыш арқылы тыңғылықты тексерілуі тиіс.
 
М.Камалов
ҚР АШМ АӨК МИК – нің
Шиелі аудандық аумақтық инспекциясының
бас маман өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторы
15 желтоқсан 2023 ж. 293 0