Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақыл қалта: Өмірге керек 10 кеңес

Ақыл қалта: Өмірге керек 10 кеңес

«Ақыл қалта» – Мырзагелді Кемелдің 2007 жылы жарық көрген, халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың батасы мен алғы сөзін алған қазына іспетті асыл кітап. Бұл кітапты кез келген адам оқып, өзінің тұлғалық дамуын кеңейте алады.
Автордың ойынша білім адамның ішінен шығатын нәрсе емес, сырттан келетін нәрсе. Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы келгенмен тең. Оқыған, естіген жақсы ой, пайдалы әңгімелерді тарата жүр, менен басқа ешкім білмесін деме. Ағаш саған өзінің саясын, жемісі мен гүлдерін беріп тұрса, мен ғана пайдаланамын деп түбімен көтеріп әкетсең солады. Жалпы бұл кітап өзіңді, өз қалауыңды түсінуге көмектесетін құрал. Әр тарапты қамтып, жақсы, жаман мінез мен істерді мысалға алынған.
Кітап арқылы қазақ оқырманы жетістікке жету, достық, махаббат, өзгелердің құрметіне ие болу, қиындықты болдырмау, алданып қалмау жолдары қалай екенін білуге, яғни өзіңді өзің тану, өзіңді өзің табу жолында қай мінез дұрыс, қай қылық бұрыс, өз өлшеміңе салуына мүмкіндік туады.
Ендеше кітаптан аланған өмірге керек 10 кеңесті сіздерге ұсынайық.
1.ҚАЗІР БӘРІ ЖЕТІЛГЕН. ӘСІРЕСЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА – ежелгінің жеті данасымен салыстырғанда, қазіргінің бір данышпанынан көп нәрсе талап етіледі және бір кездегі тұтас халықпен дұрыс қатынаста болудан бүгінгі бір адаммен қалыпты араласу көп шеберлікті қажет етеді.
2.МІНЕЗ БЕН МӘДЕНИЕТ – бойдағы бар абырой айқын көрінетін екі негіз. Бірінсіз бірінің орны толмайды. Білім аздық етеді – дарын керек. Бірақ наданның соры сол, ол өмірдегі бейімділігін, айналысар ісін, туған өлкедегі, достарының арасындағы алатын орнын білмейді.
3.ЖАСЫРЫН ӘРЕКЕТ ЕТУ. Күтілмеген жағдай – табыс кепілі. Ашық ойыннан пайда да, қуаныш та болмайды. Өз ниетіңді білдірмесең қызығушылық тудырасың, әсіресе бұл жоғары дәрежедегі адамдарға қатысты. Тіпті түсінікті болғың келген кездің өзіңде, сырыңды жайып салуға асықпа және көлденең көк аттыға өзіңнің жан дүниеңе кіруге мүмкіндік берме.
Үнсіз ұстамдылық – ізгілік ордасы. Ниетіңді жариялау оны тұншықтырғанмен бірдей: онда одан күні бұрын кемшіліктер табады, ал сәтсіздікке ұшыраса екі есе бақытсыз боласың. Сонымен, өзіңе әрдайым көп көңіл бөлінсін десең, өз әрекетіңде кемелдікке ұмтыл.
4. ДАНАЛЫҚ ПЕН АЙБЫН – ҰЛЫЛЫҚ НЕГІЗІ – аты өлмейтіндер өшпес істер сыйлайды. Адам қаншалықты көп білсе адамдығы соншалықты болмақ; көп білетін адам құдыретті. Надан үшін дүние – қараңғы түнек. Ақыл мен күш – көз бен қол; қажыр-қайратсыз даналық жеміссіз ағаш сияқты.
5.ӨНЕГЕ АЛУҒА БОЛАТЫН КІСІМЕН АРАЛАСУ – сен үшін достарыңмен араласу білім мектебі, ал әңгімелесу – ұнамды үйрену болсын: достарыңа ұстаз ретінде қара және оқудан келер пайданы әңгімеден алар ләззатпен ұштастыр.
6.КӨП НӘРСЕДЕН ҮМІТТЕНІП БАСТАМАУ КЕРЕК – шамадан тыс мақталған нәрсе көп жағдайда үмітті ақтамайды. Көңіл көк дөненнен де жүйрік, арманға берілуге жеңіл, оған жету қиын.
7.Өзіңнің басты қасиетіңді біл – өз қабілеттеріңнің озығын дамыт, бірақ қалғанын да ұмытпа. Әркім өз артықшылықтарын жетік білсе, өмірде биік белестерге шыға алар еді. Өзіңнің басты дарынынды анықтап, ықылас қой; біреулерде ақыл, біреулерде күш-қайрат басым. Адамдардың көбі өз қабілеттеріңе мән бермейтіндіктен, көп нәрседен құр қалады. Жеңіл табыс уақытша масайратады, бірақ бұл уақыт өте келе өкінішке ауысады.
8.ӨЗ ПІКІРІҢ БОЛСЫН. Әсіресе бұл маңызды істерде керек. Ақымақтар ойланбайтындығынан опық жейді, істің жартысын да түсінбейтін, не зиянды, не пайданы көре білмейтін олар ойдағыдай қимылдай алмайды; олар елеусіз істерге көп мән береді және бәрін керісінше бағалайды. Көбі ақылы жоқтықтан да оны жоғалтпайды. Тереңге бойлап, көңіл түкпірінде сақталуы тиіс нәрселер бар. Ақылды адамның әр нәрсеге өз пікірі болады, бірақ терең, жоғары мағынасы бар жайға ол ерекше бойлап енеді, өйткені онда өзі ойлағаннан көп сырға кездесетінін біледі. Ойлану осылай алғашқы пікірден әрі озады.
9.АДАМДАРДЫ ТАНУДАН АЛДАНБАУ – адасудың кең таралған осы түрі ең қауіптісі. Тауардан алданғанша, бағадан алданған жақсы; ал мұнда кісінің ойын көре білу ерекше маңызды. Өмірді түсіну мен адамдарды тану – әртүрлі нәрселер. Мінездерді танып, көңіл-күйді аңғара білу – ұлы даналық. Адамдарды да кітапты оқығандай оқи алу қажет.
10.ҮШ ҚАСИЕТ АДАМДЫ КЕРЕМЕТ ЕТЕДІ – БҰЛАР ҰЛЫ ЖОМАРТТЫҚТЫҢ ЖОҒАРЫ СЫЙЛАРЫ – жемісті дарын, сұңғыла ақыл және нәзік талғам. Жақсы ойлап табу ұлы артықшылық, әбден ойластырып алу – одан да артық. Бұған жақсыны бағалай білуді қосу керек.

Түйін: Құрметті оқырман, осындай дамуға арналған кітаптарды жиі оқып тұрыңыздар. Сәулелі саналарыңыз жарық болып, рухани құндылықтарыңыз мол болсын. Кітап оқудан еш жалықпаңыз!

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
11 желтоқсан 2023 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031