Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапты не үшін оқимыз?

Кітапты не үшін оқимыз?

Назарларыңызға кітапты оқуға 10 себепті ұсынамыз: 1-себеп. Қиялымызды шарықтата түсеміз. Кітапты оқып отырып, автордың айтпақ ойын көз алдымызға елестетіп, оны толықтырамыз. Осылайша есте сақтау қабілетіміз жақсарады. 2-себеп. Кітап киноға қарағанда әлдеқайда жақсы. Оқып отырған кезде миымызда суреттер салынады. Оны өзіміздің қалауымызға сәйкестендіреміз. Тіпті Голливуд режиссерінің өзі қиялыңыздан артық айтып бере алмайды. 3-себеп. Адамдар жайында көп нәрсе білу. Жақсы кітап кейіпкерлердің болмысын ашып, мінезін сипаттайды. Мұнымен қатар қиындыққа тап болған кезде қандай әрекеттер жасайтынын баяндайды. 4-себеп. Жаңа әдеттерді үйренуге көмектеседі. Кітапты өзіңіз қызығатын салаға байланысты таңдай аласыз. Мұнымен қатар арнайы мамандарға барып ақша құртпай, барлығын да кітап көмегі арқылы үйреніп алу мүмкіндігі бар. 5-себеп. Ақылдырақ болу. Әрбір оқыған кітабыңыз жаңа білім береді. Осылайша күн сайын ақылды боласыз. 6-себеп. Түрлі көзқараста боласыз. Бір тақырыпқа қатысты бірнеше кітап оқысаңыз, тақырыпты әртүрлі қырынан меңгеріп аласыз. Мұнымен қатар көзқарасыңыз бен пікіріңіз де өзгеріп отырады. 7-себеп. Пікіріңізден бас тартуыңыз мүмкін. Уақыт өте келе оқыған кітаптарыңыздың арқасында жаңа идеялар пайда болады. Мұның барлығы осыған дейін қалыптасып қалған пікіріңізді өзгертуге септігін тигізеді. 8-себеп. Дүниетанымыңыз кеңейеді. Әртүрлі тақырыптағы кітаптарды оқу арқылы сегіз қырлы, бір сырлы адамға айналасыз. 9-себеп. Қызықты әңгімелесушіге айналасыз. Көркем әдебиетті оқыған адам кез келген жанмен тіл табыса алады. Бұдан өзге романдағы қызықты оқиғаларды айтып таң қалдырады. 10-себеп. Өзгенің тәжірибесін пайдалану. Авторлар көрген-білгенін, өзінің тәжірибесінен сұрыптап алғанын ғана жазады. Ал сізде ол тәжірибелерді пайдалану мүмкіндігі бар.

Massaget.kz
20 қаңтар 2019 ж. 2 043 0