ҚЫЗЫЛША АУРУЫ ДЕНДЕП ТҰР
2023 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Шиелі ауданы көлемінде қызылша ауруымен сырқаттанған науқастар саны-219 болып ,жалпы 100 мың адамға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш -257,3 болып отыр. 2023 жыл басынан бастап Республика көлемінде қызылшамен науқастанушы лар көбейіп ауршаңдығы деңгейі күрт көтеріліп эпидемиологиялық жағдай күрделенді.Осының себебі салдарынан Алматы Шымкет, Түркістан қалаларынан ауданымызға қыдырып келген қонақтар мен сол қалаларға қыдырып барып келгендер қызылша ауруын ауырған науқастардан жұқтырып аудан көлеміндегі қауіпті топтағы (қызылшаға қарсы егілмегендер, қызылшаға қарсы иммунитеті төмен тұрғындар) халық арасында қызылша жұқпасын жұқтырып ауырғандар санын арттырды. Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу , оның ішінде Қызылшаға қарсы 1 жаста егу және 6 жаста қайта егумен қамтылуы тиіс болса осы ауырып отырған науқастардың 66,6 пайызы қызылшаға қарсы егілу жасына толмағандар, әр-түрлі себептермен егілмей отырғандар(медициналық шегініс, ата-ана келіспеушілгі,) , егілгені жөнінде құжаттарының жоқ болып егілу статусының белгісіздігі санатындағылар .
Аудан бойынша қызылшамен ауырғандарды талдағанда
Қызылшамен ауырғандар - жас шамасына қарай 0-1 жасқа дейінгілер | 1 -4 жас аралығы | 5-9 жас аралығы | 10-14 жас аралығы | 15-19 жас аралығы | 20-29 жас аралығы | 30 жас және жоғары жас | Барлығы |
43 | 121 | 25 | 3 | 1 | 16 | 10 | 219 |
№ | Елді мекен атауы | |
1 | Шиелі кенті | 92 |
2 | Ортақшыл ауылы | 7 |
3 | Байсын ауылы | 3 |
4 | Жөлек ауылы | 2 |
5 | Жахаев ауылы | 18 |
6 | Ж-Арық ауылы | 2 |
7 | Бидайкөл | 33 |
8 | Бала би | 4 |
9 | Ш.Қодаманов | 12 |
10 | Бестам | 2 |
11 | Бәйгеқұм | 3 |
12 | Ақмая | 12 |
13 | Н.Бегежанов | 4 |
14 | Алғабас | 4 |
15 | Жансейіт | 12 |
16 | 21 бекет | 4 |
17 | Қызыл қайың | 2 |
18 | Ботабай | 2 |
19 | Алмалы | 1 |
барлығы | 219 |
№ | Кәсібі | |
1 | Ұйымдаспаған топ баласы | 139 |
2 | Бала бақша балалары | 30 |
3 | Оқушылар | 19 |
4 | Студенттер | 3 |
5 | Жұмыссыздар | 20 |
6 | Қызметкерлер | 2 |
7 | Мұғалімдер | 1 |
8 | жұмысшы | 3 |
9 | Жеке кәсіпкер | 2 |
Барлығы | 219 |
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының
эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің жетекші маманы