Жатақхананың жайы қалай?
Мектеп табалдырығын кеше ғана бітірген студенттердің жатақхана жайы оқу жылының бас жағында үлкен мәселеге айналған еді. Ауылдағы мектепті тәмамдап, қалаға келгендердің дайын тұрған пәтері жоқ екені сөзсіз. Ал ақысына пәтер жалдап тұрудың өзі табысы жоқ студент үшін оңай тимесі анық. Алыстан келген студенттер пәтер жалдап тұруға ниеттенгенімен пәтер бағасының шарықтауы жұртшылықтың жағасын ұстатты. Солай әр жерді пана тұтқан студенттердің жайы ескерусіз қалды. Кеше ғана Алматыда 13 студенттің өртке оранған қазасы дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Арман қуып үлкен шаһарға келген жандардың арманы сағымға айналды. Олар оқуға емес, құтты бір ажалға беттеп келгендей.
Иә, студенттің алаңсыз білім алуы үшін жайлы жатақханамен қамтудың маңызы зор. Жыл сайын жатақхана жетіспеушілігі, жайлы арзан пәтер табу мәселесі студенттердің бас ауруына айналып кеткені қашан. Әсіресе Алматы, Астана, Шымкент секілді үлкен қалаларда жатақхана жайы бас қатырар мәселеге айналған. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде 1 миллионнан астам студент білім алады екен. Өткен жылы жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан асқан болса, биыл жатақхана тапшылығы 70 мыңға жуықтаған. Демек, осыншама студент пәтер жағалап, күн көреді деген сөз.

Министрлік не дейді?
Жоғарыда айтып өткеніміздей, өткен жылы елімізде 89 мың студентке жатақхана жетпеген. Оған бірден-бір себеп солтүстік көрші мемлекетте жаппай мобилизация жарияланып, елімізге келген мигранттардың аса көптігінен пәтер құны аспандап, студенттердің даладағы аулаларда, көшеде, метро, вокзалдарда түнегені туралы ақпараттар желдей ескен болатын. Осы тұста, ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа оқу жылына жатақхана тапшылығы қаншалықты деңгейде екенін хабарлаған болатын. Ведомствоның хабарлауынша, биыл елімізде жатақхана орындарына қажеттілік 69 236 орынды құраған. Оның ішінде Алматы қаласында 30 328 орын, Астанада 13 834 орын, Ақмола облысында 3 049 орын жетіспейді. Ал қажеттілік 109 ұйымда, оның ішінде 48 жоғары оқу орнында 61 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында бар. Жыл соңына дейін 10 949 орындық 37 жатақхананы іске қосу жоспарланған болса, бүгінде 3 060 орындық 9 жатақхана пайдалануға берілген. Енді Алматы мен Астана қалалары студенттер мекені десек, бұл қалаларға оқуға түсіп, көкейіндегі арманын мақсатына айналдырып келетін студенттерге министрлік берген жатақхана жете ме?

Шетелде барлық жағдай жасалған
Елімізге көршілес елдерде жатақхана мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Ал батыс мемлекеттерінде бұл мәселе түбегейлі шешімін тапқан. Мысалы, Еуропа немесе АҚШ-тағы жоғары оқу орындарында бірінші келісімшартта студенттің гранты немесе ақылы оқуы туралы анықтама көрсетілсе, екінші келісімшартта жатын орны мен тамақ келісімшарты көрсетіледі. Американың Маями қаласында Халықаралық қатынастар университеті бар. Егер сол оқу ордасына ақылы түрде оқуға түссеңіз, оқу ақысынан бөлек қосымша ақы төлеп жатақханаға орналасасыз. Сол төленген қаржыға үш мезгіл тамақ та кіреді. Яғни, онда сенің білім алуыңа барлық жағдай жасалған деген сөз. Грантқа түссең де, ақылы оқуға түссең де жатақханаға бас қатырмайсыз. Тағы бір айта кетерлігі, онда әр бөлмеге жеке дәретхана мен душ бөлмелерін қоспағанда, тіпті тамақтанатын бұрыштар жасалған. Оқу күндерінен тыс арнайы демалатын коворкинг орталықтары мен демалатын, уақыт өткізетін бөлмелеріне дейін қарастырылған. Ал бізде ше? Бізде мүлдем басқа. Қазіргі уақытта біздің елдегі көп жатақханалар кеңес дәуірінен қалған. Бәрі ескі. Онда дәретхана мен душ бөлмелері ескі уақыттағы стандартпен салынған. Жалпы айтқанда, жатақханалардың жайы көңіл көншітпейді. Шетелдегі жағдайға қашан жетеріміз беймәлім.

– Мен 11 жыл мектеп қабырғасында оқыдым. Алға қойған мақсатым Алматы қаласындағы әл-Фараби ұлттық университетіне оқуға түсу болатын. Солай ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып, жоғары балл жинадым. Арман қуып, Алматыға келдім. Алматы – шынында ғашықтар қаласы екенін сездім. Оқу ордасына табан тіреп, қажетті құжаттарымды дайындадым. Оқуға түскендер қатарынан өзімді іздедім. Тізімде бар болғанымда қатты қуандым. Солай өзім армандаған мамандыққа түстім. Бірінші келгенде жатақхана көңіл алаңдатарлық мәселе болды. «Жатақхана беріле ме, жоқ па?» деген көңілдегі күпті ойлар маза бермеді. Бірақ бізге жатақхана берілді. Ал жақын қалалардан келген кейбір студенттер пәтер жалдауға немесе туысқандарының үйінде тұруға мәжбүр болды, – дейді Біржан Бектөреұлы.
Шиеліде 375 студент бар
Жатақхана жайы күрделі мәселеге айналғанын айттық. Осы ретте Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің жатақхана жайын білмек үшін Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі директорының орынбасары Бақтияр Дайрақұловпен хабарласқан едік.

– Колледж 2017 жылы оқу ғимараттары мен жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім алушыларға заманауи үлгідегі оқу кабинеттері, зертханалар және 240 орындық жатақхана сапалы білім алуға толығымен жасақталып, жұмыс істеуде. Қазіргі таңда жатақханада елді мекендерден қатынайтын 50-ге жуық білім алушы жатқызылған. Қыздар және ұлдар секциясына бөлініп жатқызылады. Жатақхана ғимаратында студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтар болсам, әрбір жатын бөлме, ондағы төсеніш жабдықтары, едендерінде төселген кілемшелер, ас мәзірін әзірлеу үшін құрал-жабдықтарымен тоңазытқыш, газ плитасы, асхана, демалыс бөлмесі, жуынатын душпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар білім алушылар бос уақытында кітапхана қызметін, сауықтыру жұмыстарына арналған спорт зал қызметін пайдаланып, уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдайлар жасалған, – деді.
Бүгінгі күні техникалық мамандықты игеруге ниетті әрбір түлекке мемлекет тарапынан қолдау бар. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайып жатыр. Уақыт өте еңбек нарығы мен заман ағымына сәйкес колледж тынысы танымастай өзгеріп, ілгерілеп өсу сатысында дамып келеді. Алғаш ашылған кезде аграрлық бағытта ауыл шаруашылығының кең профильді тракторист-машинист мамандығы бойынша оқытылса, қазіргі таңда аудан көлемінде орналасқан өндіріс орындарынан сұранысқа ие болған 18 мамандық, 28 біліктілік бойынша мамандар дайындап, қанатын кеңге жайып үлгерді. Бүгінде колледжде 2023-2024 оқу жылына 25 оқу тобында 375 студент білім алуда. Оның ішінде ер балалар саны – 266 болса, қыз балалар саны – 109.
Дархан БАЙТІЛЕС