ҚАРАШЫҒЫ ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ТҰНҒАН ҚЫЗ
Түнеукүні №159 Еңбекші орта мектебінің оқушысы Кәусар Тұрғанбай Түркістанда өткен халықаралық «Turkestan fest» көпжанрлы өнер байқауынан І орынмен оралды. Жүзден жүйрік атанған Кәусар бұған дейін республикалық, облыстық, аудандық бірнеше сайыста жеңімпаз атанған. Оған Алматы қаласында өткен «Жарқыра жұлдыз» атты республикалық байқаудан бас жүлдеге ие болғаны, аудандық айтыстан ІІ орын алғаны дәлел.
Қалам мен өлеңді өміріне серік еткен Кәусар жан-жақты шәкірт тәрбиелеп, вокал, домбыра, көркемсөз үйірмелеріне жетекшілік ететін Гәкку Жеңісқызынан сабақ алады. Жуырда Түркістанда өткен халықаралық байқауға қатысып, жүлделі болуына да жетекшісі Г.Жеңісқызының да еңбегі орасан. «Turkestan fest» көпжанрлы байқауына қатысқан Кәусар Сәбитқызы арнайы дипломмен марапатталса, ең үздік өнерпаздарды дайындап, олардың бойына ізгілік пен мәдениеттілік, өнерді қоса дарытып жүрген жетекшісі Гәкку Тұрсынбай арнайы «Құрмет грамотасын» иеленді.
Қалам мен өлеңді өміріне серік еткен Кәусар жан-жақты шәкірт тәрбиелеп, вокал, домбыра, көркемсөз үйірмелеріне жетекшілік ететін Гәкку Жеңісқызынан сабақ алады. Жуырда Түркістанда өткен халықаралық байқауға қатысып, жүлделі болуына да жетекшісі Г.Жеңісқызының да еңбегі орасан. «Turkestan fest» көпжанрлы байқауына қатысқан Кәусар Сәбитқызы арнайы дипломмен марапатталса, ең үздік өнерпаздарды дайындап, олардың бойына ізгілік пен мәдениеттілік, өнерді қоса дарытып жүрген жетекшісі Гәкку Тұрсынбай арнайы «Құрмет грамотасын» иеленді.
– Түрлі жоғары деңгейдегі шараларға қатысып, бірнеше марапатқа ие болып жүрмін. Халықаралық деңгейдегі конкурсқа қатысуым бірінші рет. Еліміздің түкпір-түкпірінен мықты өнерпаздар қатысатындықтан, қобалжығанымды жасыра алмаймын. Жетекшім Гәкку Жеңісқызының үлкен қолдауының арқасында І орынды қанжығама байладым. Ата-анамның, апайымның үмітін ақтағаныма қуаныштымын, – дейді Кәусар.
Өзі өлең-жырды мәнерлеп оқығанда тыңдарманның жүрегіне жеткізетін, қазақтың салт-дәстүріне берік, қазақ әдебиетінің олжалы оқырманы, айтыскер ғана емес, қолына қалам алып, өлең жазатын өнері және бар. Бұл өнердің бәрі Еңбекші ауылының өнерлі жасы Кәусар Тұрғанбайдың өн бойынан табылады. Ендеше жас ақынның жүрегінен жарып жыққан жыр жолдарын назарларыңызға ұсынамыз.
Сыр тұнған Шиелім!
Көрінетін көп ішінде кие мың,
Табиғатын, тау мен тасын сүйемін,
Шыққан талай ақын, ғалым, жазушы,
Шуақ толы құтты мекен – Шиелім.
Жастарында жалындаған тұр ұшқын,
Бәрі де бар еңбек, бейнет, ырыстың,
Маржандайын молшылығы арымас,
О бастан-ақ Отаны бұл – күріштің.
Тектілерде тұғырлы етіп атайық,
Мен күйейін мекенімде болса айып,
Танымал ел ақындары туылған,
Тәжібаев, Бекежанов, Жақаев.
Тұлға шыққан талабы мол неше мың,
Ыстық бәрі ауыл, аймақ, көшенің.
Шартарапқа шапағатын паш етіп,
Шиелімді киелім деп өтемін!
***
Төлеген рухымен сырласу
Төлеген Айбергенов – айбатты ерім,
Үлгі етіп жаныңды жайнатты елің.
Әдебиет әлеміне сара жол салып,
Мәдениетке жол салған қайраткерім.
Басбармақпен береді ел бағаңды,
Туындың өз орынын төрден алды.
«Ақерке», «Жайық» және «Бір тойым бар»,
Халықтың арасында кең таралды.
Бірі болып өнерге адал ердің,
Поэзияға жаңа дем ала келдің.
Өлеңіңмен сусындап, сауат ашып,
Көкірек көзі ашылды тәмам елдің.
Отыз жаста опат болып, қыршын кеттің,
Қалың елдің жүрегін дүрсілдеттің.
Жалғандағы жарығың сөнгенімен,
Санасында мәңгілік жүрсің көптің!
***
Лаура Палман – кемеңгер дара тұлғам
Лаура Палман – кемеңгер дара тұлғам,
Текті елдің бағына жаратылған.
Толағай толқындардың ізін көрем,
Қыранай көкке керген қанатыңнан.
Жібек мінез сыйлы етіп қонағыңа,
Талабың талпындырды жоғарыға.
Поэзияның төрінен орын алдың,
Мүше болып Жазушылар одағына.
Болашаққа қадамды дара бастың,
Сүйікті ақынысыз бар Алаштың.
Еңбекші ауылында өмірге кеп,
Еңбекке ерте жастан араластың.
Сізге қарап түзейді бәрі бойды,
Келешекке келесіз салып ойды.
Майданын сөздің шебер меңгердіңіз,
Майталман журналист болып абыройлы.
Қалың ел талабыңды сүйікті етті,
Жаныңызға келесіз жиып көпті.
Ұлбаладай анамның жүз жылдығы,
Ауылымның айбынын биіктетті.
Беделімен қадірлі қауымыма,
Тұлғалар түгел сыйған бауырыңа.
Жеті айналып шықсам да жердің бетін,
Жететін құт мекен жоқ ауылыма!
Дайындаған
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ