Мал азығына қам қалай?
Президент Қ.Тоқаев әр уақытта ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше мән береді. Еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды саласы мал шаруашылығы ежелден қазақтың дәстүрлі кәсібі ретінде дамып келе жатыр. Әлемде астық қорының азаюына байланысты астық экспорты еліміз үшін маңызды болғанымен,Қазақстанда мал шаруашылығының алатын орны одан да артық болмаса, кем емес. Өйткені еліміз жайылымдықтарға өте бай. Республикамыздағы 270 миллион гектар жердің басым бөлігі, яғни 190 млн гектар көлеміндегі аумақ табиғи жайылымға жатады. Демек, басты мәселе осы жайылымды ұтымды пайдаға асыра білгенімізде және оны табиғаттың берген мол сыйы, сарқылмас байлық көзі ретінде іске жарата алуымызда.
Қазіргі күні Қазақстанда мал азығын өндіру саласында экстенсивті сипат басым. Өйткені, мал өсіру шаруасында азықтандыру мәселесі көбіне табиғи жайылымдықтар мен шабындықтардың әлеуеттілігіне тәуелді. Әзірге мал шаруашылығын қарқынды дамыту толық шешімін таппай отыр, сондықтан да табиғи азықтық қорларды пайдалану басымдыққа ие. Мал азығы қорын қарқынды дайындау, яғни екпелі шабындық, көпжылдық екпелі жайылым немесе жоғары өнімді мал азықтық дақылдарын өсіру әдістері әлі де кенжелеген күйінде өндірісте кең қолданыс таба алмай отыр. Ең осал тұсымыз, табиғат берген байлығымыз 190 млн гектар жайылымның, тек 100 млн ғана көлемі пайдаланылуда. Оның өзінде, айналымдағы осы жайылымдарды орынсыз пайдалану олардың күйзеліске ұшырауына әкеліп соғуда. Өйткені, малдың басым көпшілігі ауыл халқының қолында болғандықтан, осы мал ауыл маңы мен жақын жерлердегі немесе сумен қамтылған аумақтарда ғана жайылып, сол жерлердің шиырлануына себеп болуда. Бұл қолайсыз жайт, бір жағынан, жайылымдардың мал тұяғына тапталып тозуына жалғасса, екінші жағынан, шөпке тоймаған малдың қажетті өнім бере алмауына себепкер.

Сондықтан төрт түлігін түгендеп, мал азығын қамдаған шиеліліктер көрсетілген межені асыра орындағанын айтады. Уақыт та зымырап күздің соңғы айына табан тіреді. Яғни қыс мезгілінің қаһарына мінетін уақыт таяды. Демек мал азығын қамдау үшін, шөп саудасының қыза түсетін шағы. 2023 жылы аудандағы ірі қара саны – 93089, қой мен ешкі – 141 241, түйе – 1705, ал жылқы – 24819 басты көрсетіп тұр. Көрсеткіштерге сүйенсек, төрт түлікте өсім бар. Яғни, өңірде мал шаруашылығы ілгерілеу үстінде. Ал осы малдың негізгі азығы саналатын жаңа жоңышқа көлемі 3425 гектарды құраса, ескі жоңышқа 5578 гектарға егілген.
Жалпы аудан бойынша қысқа түсетін төрт түлікке 158,4 тонна мал азығын әзірлеу керек болса, қазіргі таңда 164,8 мың тонна жем-шөп дайын. Оның ішінде 63021 тонна жоңышқа, 34,2 мың тонна сабан, 37,6 мың тонна жем жиналған. Сонымен қатар күздік бидайдан – 1664 тонна, жаздық бидайдан – 96 тонна өнім қамбаға құйылған.
– Биыл мал азығы қорынан тапшылық болмайды деп күтілуде. Дала еңбеккерлерінің жем-шөп дайындау жолындағы қарқынды тірліктері соның нақты айғағындай. Шөп ору науқаны мамыр айының алғашқы онкүндігінде-ақ басталып, күні кеше толық аяқталды. Бір сөзбен айтқанда, ашық күнгі қолайлы шақты тиімді пайдаланып отырған аудан шаруаларының ісі өнімді, – дейді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы.
Түйіндей келе, қолымыздағы деректерге сәйкес, биыл ауданда қысқы мал азығынан тапшылық болмайды деп топшыладық. Демек, мал күйлі, шаруаның ісі оңды боларына сенім мол.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ