ЖАУЫНГЕРЛІК ПАРАДТА НЕ КӨРЕСЕТІЛЕДІ?
Алдымыздағы 7-мамырда Отан қорғаушылар күніне орай «Отар» 40- әскери базасында өтетін Жауынгерлік парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрлері мен тектері қатысады. Парадқа Қарулы Күштері Құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектановбасшылық жасайды. Жоспар бойынша парад екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қала және облыс әкімдеріне Жауынгерлік тулар тапсырылады. Екінші бөлімде Қарулы күштердің жасақтары авиация сауытты техниканың, зымырандар мен артиллерияның көмегімен заңсыз қарулы құрылымдарды қалай жоятынын көрсететін бес эпизодтан тұратын белсенді кезең өткізіледі. Жауынгерлік парад бір сағаттан астам уақытқа созылады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бұл екінші Жауынгерлік парад. Жауынгерлік парадтарды өткізу тарихы өз бастауын 2013 жылдан алады. Ол кезде «Отар» қырқыншы әскери базаның аумағында алғашқы жауынгерлік парад өткізіліп онда, Қазақстан Қарулы Күштері жалпыәскери бөлімшелерінің жауынгерлік мүмкіндіктері көрсетілген болатын. Ол парадқа 7000-дай әскери қызметші, 400 бірліктен астам әртүрлі қару-жарақ пен әскери техника, сонымен қатар 86 ұшу аппаратары қатысты. Биылғы жауынгерлік парадтың ерекшелігі Арнайы операциялар күштерінің шынайы тактикалық қимыл әрекеттерін жаңа және модернизацияланған қару-жарақ пен әскери техникаларды қолдна отырып көрсету болып табылады. Тұңғыш рет, барлау-соққы беру және барлау-ату кешендерінің, арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелері мен аумақтық әскерлер құрылымдарының жұмыстары көрсетіледі. Жауынгерлік Парадқа қатысушылардың жалпы саны – 3000-нан астам әскери қызметші, 300-ден астам жауынгерлік техника, сонымен қатар 30 жауынгерлік ұшақ, тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары.
Жауынгерлік парадтың құрамына Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштеріндегі әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді. Жауынгерлік туды тапсырғаннан кейін көрермендердің назарына қазақстандық армияның арнайы операциялары күштерінің жасағы, мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның және өңірлік әскерлер жасақтарынан тұратын 12 шерулік есептоптардың саптары ұсынылады. Жауынгерлік парадтың белсенді кезеңі басталмай тұрып салтанатты Қарулы күштердің жасақтары түрлері мен тектеріне қарай жекелеген сап құрып, көрермендердің алдынан салтанатты маршпен өтеді.
Арнайы мақсаттағы жауынгерлік бөлім жасағы
Десанттық шабуылдаушы әскерлер
Әскери-теңіз күштерінің жаяу әскерлер жасағы
«Қазбриг» бітімгершілер жасағы
Мемлекеттік күзет қызметінің жасағы
Ұлттық ұлан жасағы
Екінші кезеңнің 1 эпизодында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы әуеден барлау жұмыстарының қалай жүргізілетіні, әуеден соққы беру тәсілдері көрсетіледі.
Танк экипжы
Зеңбірекшілер есептобы
2- эпизод – Т-72, БМП-2, БТР 82А танктері мен жауынгерлік техникалар жеке құрамның дайындықтары мен шеберліктерін көретеді.
3- эпизодта көрермендер әуе-шабуылдаушы десантардың әртүрлі үш тәсілмен қалай шабуылдайтындарын тамашалайды.
4-эпизод – «Жауды елді мекенде жойып жіберу» деп аталады. Мұнда минометпен, зениттік құрылғылармен, пулеметпен қаруланған бір рота жауынгер арнайы жабдықталған автокөліктермен шартты елді мекенді заңсыз қаруланған қарулы құрылымнан тазартады.
5- эпизод – заңсыз қарулы топты толықтай жойып жіберу операциясы. Бұл операция кезінде көрермендер әскери-транспорттық ұшақтар әуеден десантшыларды қалай түсіретінін көреді.
Парад кезінде бір топ жойғыш ұшақтардың әуеде салған өрнектерін, «Қызғалдақ» композициясын тамашалайды.
Қайыржан ТӨРЕЖАН
Айтжан МҰРЗАН (фото)