Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Иіркөлде жабық спорт кешені салынуда

Иіркөлде жабық спорт кешені салынуда

Атырауда 2025 жылға дейін 36 спорт кешені салынады - AtyrauPress - Атырау  облысының ақпараттық ресурсыЖуырда баспасөз орталығында Иіркөл ауылдық округінің әкімі Е.Оралбек БАҚ өкілдеріне брифинг берді.
Алдымен ауыл әкімі брифингте ауыл тынысы жайында сөз қозғады. Иіркөлдік ағайынның негізі кәсібі – егіншілік. Ауылдық округте 130 шаруа қожалығы және 1 кооператив бар. Оның ішінде 35-і егін шаруашылығымен, 95-і мал шаруашылығымен айналысатынын тілге тиек етті. Ауылдық округ бойынша 1646 гектар күріш, 266 гектар жаңа жоңышқа, 463 гектар ескі жоңышқа, 70 га күздік бидай, 10 га дән жүгері, 20 га сүрлем жүгері, 99 гектар картоп, 81 гектар көкөніс, 101 гектар бақша өнімдері егіліп, жиын-терім басталып кетті.
Ауылдық округ бойынша барлығы 32 көшенің 16 көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылған. Оған қоса 2 балалар ойын алаңы салынды. Ы.Жақаев елді мекенінің 610 тұрғын үйі табиғи газға қосылды. Қалған тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары жалғасын таба беретін болады. Ы.Жақаев және Жансейіт ауылдары Жиделі топтық су құбырына қосылып берілуде. Сондай-ақ, «Алтын дән-Шиелі» шаруа қожалығын төрағасы А.Бердібаев бұқаралық спортты дамыту үшін Ы.Жақаев елді мекенінде 250 орынға арналған жабық спорт кешенін салуда, – деді ауыл әкімі Е.Оралбек.
Даңқты диқан Ы.Жақаевтың ізін жалғаған иіркөлдіктер биылда қамбаны қызылға толтыруды көздеп отырғанын жасырмады. Дән бітік болса, ел ризығы да еселене түсері сөзсіз. Олай болса дән атасының ауылы биыл да ақ күріштен тау тұрғызарына сеніміміз кәміл.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
26 қыркүйек 2023 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031