Жаңатұрмыстың қамысы Германияға экспортталады
Жаңатұрмыс ауылынан Германияға қамыс экспортталатын болады. Бұл туралы өткен аптада баспасөз орталығында берген брифингте Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Б.Шәкіртаев айтты.
Баспасөз орталығында Б.Шәкіртаев ең бірінші ауылдан шығып жатқан қамысты Германияға экспорттау жайын сөз етті. Жалпы қамыс – ауылдың бренді десек те болады. Тұрмыс тынысын түзеген бұл ауыл күн санап қанатын кеңге жайып келеді. «Өсер елдің керегесі кең болар», – демекші ауылдың әлеуметтік әлеуетінен бастаған ауыл әкімі ауылда бұрын соңды 185 тұрғын үй болса, болашақта 200 тұрғын үй салынатынын тілге тиек етті.
Баспасөз орталығында Б.Шәкіртаев ең бірінші ауылдан шығып жатқан қамысты Германияға экспорттау жайын сөз етті. Жалпы қамыс – ауылдың бренді десек те болады. Тұрмыс тынысын түзеген бұл ауыл күн санап қанатын кеңге жайып келеді. «Өсер елдің керегесі кең болар», – демекші ауылдың әлеуметтік әлеуетінен бастаған ауыл әкімі ауылда бұрын соңды 185 тұрғын үй болса, болашақта 200 тұрғын үй салынатынын тілге тиек етті.
– 2020 жылы ауылға тұрғын үй құрылысын салуға 62 га жер телімі қосымша берілді. Биыл мамыр айында жоба сметалық құжаттары мен сараптамадан өтуге аудандық бюджеттен 12 млн 156 мың теңге қаржы қаралды. Байсын ауылына 9 жаңадан көше қосылатын болады. Аталған 200 үйлік жер телімдері Шиелі кентінде тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тұрған тұрғындарға табысталу жоспарда бар. Биыл 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге және 3 көшеге қиыршық тас төсеуге жоба сметалық құжаттары мен сараптамадан өткізуге 2 млн 416 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда конкурс өткізу тәсілімен жұмыстар жасалуда, – деді ауыл әкімі.
Б.Тұрсынбайұлының мәліметіне сүйенсек, ауылдағы ауыл шаруашылығы саласының негізін «Байсын» шаруа қожалығы құрайды. Шаруашылық мал және егін егумен айналысады. Биыл 850 гектар жерге күріш суға бастырылса, ауыл тұрғындарының азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында шаруа қожалық жерінен ауылдың 91 отбасына 115 гектар жерге, әлеуметтік маңызы бар картоп, көкініс, бақша өнімдерін егу жұмыстары жүргізілді. Байсын ауылында бақша өнімдерінің 80 пайызы тамшылатып суару әдісімен егілгенін де айта кетейік. Сонымен қатар, Байсында 250 орындық жаңа типтік жобадағы мектеп пайдалануға беріледі.
–Әр ауыл өзінің жазушылары мен ақындарымен мақтанса, Байсын ауылында Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Оразбек Сәрсенбаймен мақтанады. Биыл ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аса көрнекті жазушы Оразбек Сәрсенбаевтың 85 жылдығын жоғары деңгейде атап өтіп, қазан айында облыстық жазба ақындар мүшайрасын өткізу, Оразбек Сәрсенбай атындағы көшенің ашылу салтанатын өткізу жоспар да бар. Тағы бір мақтанатын дүниеміз барша оқулықтың атасы болған «Әліппе» кітапбының авторы Ә.Жұмабаева біздің ауылдың тумасы, – деді ауыл әкімі.
Ауыл әкімінің ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқаны ауыл тұрғындарына серпін беріп, болашақта жаңа Байсын ауылы бой көтермек. «Елу жылда ел жаңа» демекші, жаңашылдыққа жақын Жаңатұрмыстан көп жаңалық күтуге болады.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ