Онлайн несиені қайтару оңай емес
Рас. Қалтаңда қаржы болмаса алға қарай қадамдау қиын. Бірақ, несібесін несиеден тауып жүрген жанды көрдіңіздер ме? Әй, қайдам... Бүгінде екінің біріне бауырдан банк артық болып тұр. Туғанынан қарызға ақша алуға арланып, банкке берешек болғанды жөн көреді. Елде несиеге сұраныстың молдығы сонша, екінші деңгейлі банктерді былай қойғанда жылдам ақша беретін орталықтар, одан қалды онлайн несие ұсынатын ұйымдар көбейіп кетті.
Миллионның арасынан несие таңбасы басылмаған адам табу қиын қазір. Әрине, төрт құбыласы түгел тұрса, несиеде несі бар дерсіз. Дегенмен, мақсатты несие мен мал шашпақ несие екі бөлек. Ал жалпақ елдің жартысы сол мал шашпаққа әуес. Микронесиенің әлегінен арылуды былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап айтқан болатын. Онда Президент өзге елдердің кепілсіз микронесие алуға тыйым салған тәжірибесін зерттеуді қатаң тапсырған. Биыл осыдан бірер ай бұрын бұл мәселе Мәжілістің қабырғасында қозғалды. Депутат Ержан Бейсенбаев қашықтықтан, онлайн-несие алуға тыйым салуды ұсынған еді. Депутат сүйенген уәж – мұндай ұйымдардың несие беруде несие алушының төлем қабілетін ескермейтіндігі. Содан барып, қарызды уақытылы төлемеу туындауы. Бұл – қол қойып, сенер уәж.

Несиені төлер уақыт таяғанда ақша таппаған адам онлайн займ алғанды ыңғайлы көреді екен. Мәселен, сотта ең көп қаралатын істердің бірі – онлайн займ алып, опық жеп жүргендерге қатысты. Қазіргі таңда еліміз бойынша 7 миллионнан астам онлайн несие рәсімделген екен. «Тез әрі ыңғайлы!». Кез келген микроқаржы ұйымының басты ұраны осындай. Ақшадан тарыққан адам бар-жоғы жарты сағаттың ішінде артық құжатсыз, үйден шықпай-ақ қалтасын қалыңдата алады. Алайда, «қарыздың күліп келіп, жылап қайтатыны» тағы бар. Себебі, әрбір «тез бен оңайдың» артында ұзақ әрі қиын іс тұруы мүмкін.
– Онлайн займға енді қайта бас сұқпаспын. Қаржыдан қысылған бір ғана құжатпен, әп-сәтте ақша шешім алғаныма қатты қуанғанмын. Кейін 3 еселеп қайтардым сол қаржыны. Ол аздай несие тарихым бұзылып, мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмай қалдым. Онлайн займ алып, опық жегеннің бірімін, – дейді кент тұрғыны Ф.Абылайқызы.
Онлайн несие ұйымдарының иесі кім?
Жалпы, онлайн несие ұйымдарының иесі кім деген сұраққа да жауап іздеп көрдік. Заңгерлер заңды дегенімен, белгілі экономистер жылдам несиенің басым бөлігі шетелдік компаниялардың атына тіркелген деседі. Мәселенің байыбына бару үшін интернетке «онлайн несие алу» деп сұрау да салдық. Қазақшасынан гөрі, орысша іздегенімізде сұрағанымыз алдымыздан лезде шыға келді. Бір емес, бірнеше ұйымның «оңай әрі тез» деген көз тартатын жарнамасы ақшадан қысылған адамды қаржы қақпанына шақырып тұр. Бірақ алмақтың да салмағы бар екенін кейін басқа тигенде білетін кей азаматтар онлайннан оңбай сүрініп жүр. Бірінің жүйкесі жұқарып, енді бірінің уайымға тереңінен түсіп, ем алуына мәжбүр болғандары да бар екен. Жалпы психологтар қарызды ойлау адамның ойлау қабілетін тежейді екен. Бұл туралы психолог маман не дейді?

– Қарызды ойлап, несиені уайымдайтын адамдарда депрессияға салынуы, болашақтан күдер үзуі, өзін-өзі жегідей жеуі әбден мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әйелдер уайымға салынғыш болып келеді. Шектен тыс уайым ұйқының, тәбеттің бұзылуына алып келеді. Тіпті, қарыздың шектен тыс мөлшері адамның санасын қыспаққа алып, өз-өзіне қол жұмсау фактілері де орын алуы мүмкін – дейді психолог Ж.Нұрбаева.
Қаржылық сауат қалыптастыру керек
Ашық ресурстағы деректер соның ішінде, бірінші несие бюросының мәліметі Қазақстандағы экономикалық белсенді адамдардың саны – 9,23 млн екенін, тек оның 1,7 млн-ы мүлде несие алмағанын алға тартады. Қалған 7,5 млн. қазақстандықтың банк пен басқа да қаржы ұйымдарында несиесі бар. Ипотеканы қоспағанда, қазақстандықтардың – несие қарыздарының жалпы сомасы 8 трлн. теңгеге жуықтағанын жариялаған-тын. Былтыр бір жылда агенттіктің айтуынша, микроқаржы ұйымынан қаржы алғандардың қарызы 45 миллиард теңгеден асқан. Аз сома емес, әрине.

Ал Кибер қылмысқа қарсы күрес орталығының дерегіне сүйенсек, өткен жылы елімізде 14 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелген болса, оның жартысына жуығы заңсыз онлайн займ рәсімдеуге қатысты екен. Яғни соңғы жылдары елімізде бөтен адамның атынан несие рәсімдеу көбейген. Ал өз атына несие рәсімделгенін жәбірленушілер 2-3 ай өткен соң банктен, жеке қаржы ұйымынан немесе коллекторлар хабарласқанда бір-ақ біліп жатады екен. Бұл істің ақ қарасын бажайлай түссеңіз адамдардың құжатына деген салғырттығы, келісімшартпен толық таныспауы, өзі туралы құпия деректерді оңай жария етуі сынды олқылықтар көрініс береді. Сондықтанда халықтың қаржылық сауатын арттыру турасында жиі әңгіме өрбуде.
– Онлайн несие ұйымдары 1 ғана жеке басты куәландыратын құжатпен жұмыс істегендіктен көп сенім артуға болмайды. Олар сіздің несие тарихыңызды, төлем қабілетіңізді де сараптамайды. Меніңше, барынша заңдық тұрғыда бекітілген ірі банктік ұйымдармен жұмыс істеген дұрыс. Пайыздық үстемақысы да аса көп емес, мәселен, қазіргі уақытта қазақстандық банктрде үстемақы көлемі жылына орташа есеппен 15 пайыз болып тұр. Тұтынушы ертең өз құқығын қорғай алатындай келісімшартқа отырып барып несие алғаны абзал, – деп түйіндеді сөзін «Әділет» фирмасының заңгері Ғ.Байетов.
Несие туралы келісімшарт қандай болуы тиіс?
Банк қарызы туралы келісім – несие толық өтелгенше банк пен сіздің қарым-қатынасыңызды анықтайтын негізгі құжат. Ең қарапайым әрі басты ереже – несие шартын толық және аса мұқият қарап шығу: алғашқы екі бетте банк қарыздың шектік сомасын, түрін, пайыздық сыйақы мөлшерлемесінің көлемін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мен мерзімін және валютасын міндетті түрде көрсетуі қажет. Осылайша, сіздің қарызды қандай жолмен және қалай қайтаратыныңыз: аннуитетті ме, әлде дифференциалды ма, қарызды қайтару уақыты кешіктірілгені үшін қандай өсімақы немесе айыппұл тағайындалатыны анықталады.

Тәуекел
Тақырыпты толық тарқату үшін «тәуекел» деп, бізде онлайн несие ұйымдарына бас сұғып көрдік. Алдымен «Жылдам ақша», «Оңай әрі жылдам рәсімдеу» деген жазумен арбап тұрған кеңсеге бас сұқтық. Отырғанымызда төлқұжат пен қанша қаржы керегін сұрады. Бетіңе күліп қараған менеджердің сөзі майдай жағуда. Іші-бауырыңа кіріп, пернетақтасынан әлденені тақылдатып, мәліметтерді енгізіп жатыр. «1 айға 50 мың керек еді», – деген сұранысымның пайыздық үстемесін қоса есептегенде 84 мың болды. «Потенциалды клиенттен» айырылып қалғысы келмеді ме, білмедім: «Сіз бізден несие рәсімдемепсіз. Бірінші займ болғандықтан 52 мың қылып қайтарасыз», – деп тәтті сөздермен арбай түсті. Ақырын-ақырын «онлайн алатын халықтың қатары көп пе?» деген сауалға жауап алуға тырыстық. Әйткенмен, жауап беруден жалтарған олар адамның аз еместігіне сендіргендей болды. Соған қарағанда, қаржыдан қысылған халықтың онлайнға оп-оңай келісім беріп, үстеме пайыздарды төлеп, қаржылық ұйымдардың қазынасын қампайтып отырғаны шындыққа саяды. Содан не керек, басымыз бәлеге қалмай тұрғанда бас тартып, жеке куәлігімізді қолтықтап, ат-тонын ала қаштық.
Аузы күйген кесені үрлеп ішер
Қаржы секторын реттеуші де, бақылаушы да – Ұлттық банк. Сондықтан бұл мекеме азаматтардың қаржылық сауаттылығын жоғарылатып, тұтынушылардың құқығын қорғау үшін түрлі жобалар ұйымдастырып отырады. Кредит алмастан бұрын оның сіз үшін қаншалықты тиімді екенін әбден саралап алыңыз. Кредитке сатып алынатын тауар немесе мүлік қаншалықты шұғыл қажет? Оның құнын толық жинауға мүмкіндік болса, сауданы кейінге қалдырғаныңыз жөн.

Қаржылық мүмкіндігіңізді есептеңіз және кредит төлемдеріне сәйкес алдағы уақытта шығынның өсуін ескере отырып, өз бюджетіңізді талдаңыз! Отбасылық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін анықтай отырып, өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды бағалаңыз. Кредитті төлеуге қаржылық мүмкіндігіңіз қаншалықты жетеді? Бастысы онлайн несие алуыңыз оңай болғанымен, одан опық жеп қалуыңыз қиын емес екенін ұмытпаңыз!
Г.Дүйсебай