Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ши тоқудың шебері

Ши тоқудың шебері

Ши тоқу – қазақ халқында кең тараған ұлттық өнердің бірі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін бұл құндылық қазірге дейін кеңінен пайдаланылып келеді. Ши тоқу саласында 20 жылдай тәжірибесі бар Зылиха Календар бүгінде көпшілік заман талабына сай өрнектерді түсінікті және қарапайым етіп тоқуды қолға алған, он саусағынан өнер тамған шебер.
Көнеден келе жатқан ұлттық өнерді заманауи үлгіде тоқып, әлі күнге дейін жаңғыртып отырған Зылиха апа біраз жетістікке де қол жеткізіп келеді. Оның шығармашылығы елімізде жоғары бағалануда. Айталық, Астана қаласының 10 жылдығы мен Алматыда өткен халықаралық саяхат көрмесінің, «Гагарин көктемі» сынды шаралардың төрінен Зылиха апаның туындылары орын алды. Сондай-ақ, ол еліміздің бас қаласында 2017 жылы өткен ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Қызылорда облысының мәдениет күндері кезінде ұлттық өнерді насихаттауға атсалысты. ЭКСПО көрмесінде оның туындыларын келушілер асқан қызығушылықпен тамашалады.
Зылиха апа жақында ғана Түркістан облысында өткен «Ұлы Жібек жолы бойын­да­ғы тоқыма және зергерлік өнер» атты Халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмең­ке­сіне қатысып, қазылар алқасының шешімімен «Тұран» номинациясымен марапатталды.

А.Асан
12 қыркүйек 2023 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031