Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық «ҚАРУ» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Республикалық «ҚАРУ» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Ағымдағы айдың 5-9 күндері аралығында Қызылорда теміржол станциясыжелілік полициясынан келіп түскен телефон хабарламасында көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес, Шиелі теміржол станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және оны заңсыз айналым жолын кесу мақсатында республикалық «ҚАРУ» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шиелі теміржол станциясының перронында және жолаушылар пойыздарында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау жөнінде рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ суық қаруды заңсыз айналымнан тәркілеу, оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсіру көздерін нақтылау туралы жұмыстар ұйымдастырылуда.
Айта кетейік, заң қызметкерлері «Заңсыз сақталған атыс қарулары мен оқ дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады» хабарлайды.

«Өскен өңір» ақпарат
11 қыркүйек 2023 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930