Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде
Шиелі ауданы бойынша жыл сайын көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізіп келеді. Аудандық ветеринариялық станциясының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы жануарларының эндо-экто паразиттеріне (кене,бүрге,бит т.б) қарсы ветеринариялық препараттар (Ивомек. Ивермектин,Аивин т.б) егілді. Атап айтқанда, ұсақ малға – 29404, түйеге – 173, жылқыға – 5089, барлығы 58969.
Алмалы, Талаптан, Телікөл, Сұлутөбе ауылдық округтерінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында 1682 бас ұсақ малды мал тоғыту ванналарында тоғытылды. Жыл басынан бері 156 бас ірі қараға, 1 жылқы, 8 ұсақ мал өз қаражаттары есебінен «Креолин-Х» препаратымен дезинсекция жұмыстары жасалынды.
Алмалы, Талаптан, Телікөл, Сұлутөбе ауылдық округтерінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында 1682 бас ұсақ малды мал тоғыту ванналарында тоғытылды. Жыл басынан бері 156 бас ірі қараға, 1 жылқы, 8 ұсақ мал өз қаражаттары есебінен «Креолин-Х» препаратымен дезинсекция жұмыстары жасалынды.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы 35-бабына сәйкес Ауыл шаруашылығы жануарларының Эндо-экто паразиттеріне (кене, бүрге, бит) қарсы (аивин, ивермек, ашивир т.б) ветеринариялық препараттар мал иесінің өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Шаруалар малдарын кенеге қарсы өңдеу үшін аудандық ветеринариялық станция мен ветеринариялық пункттердің көмегіне жүгіне алады. Эндо-экто паразиттерге қарсы жыл басынан бүгінгі күнге дейін мал иелерінің өтініші бойынша өз қаражаттары есебінен ауыл шаруашылығы жануарларына алдын ала егу жұмыстары қарастырылып жатыр.
Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруларының кенеден жұғатындығы, қауіптілігі жөнінде үнемі халық арасында, әлеуметтік желіге жарияланып түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Ветеринария туралы №339 Заңы, Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығында Ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қойылатын талаптарына сәйкес мал иесі жеке иелігіндегі малдары ауырған, өлген, сойылғандығы немесе сатып алғандығы жөнінде сол ауылдық округтің ветеринариялық дәрігеріне дер кезінде хабарлауға тиіс. Ауылдық округтердегі ветеринариялық дәрігерлерге мал иелері тарапынан малдары ауырғандығы және өлгендігі жөнінде хабарлама келген жоқ.
Тағы бір айта кететін жайт, ауыл әкімдеріне хаттамалық тапсырмалар берілген. Залалсыздандыру, қора жайларға санитариялық тазарту жұмыстарын үйлестіру сынды жұмыстар тапсырылды. Ал күзгі эпидмаусымы қыркүйек айының 13-нен басталады.
«Өскен өңір» ақпарат