Заң білген жапа шекпейді
Әр адамның емделуге, кезекпен үй алуға, еңбек етуге, оқуға, әлеуметтік жеңілдіктер алуға немесе көлік жүргізуге қатысты және т.б. жағдайларда заңды қолдануы аса маңызды. Ал тұрмысқа сай түрлі талаптармен қатар өмірде жиі кездесетін қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық
бойынша әркімнің өз құқын жетік білуі қорғану құқын арттыра түсетіндігін біле бермейді. Мәселен, адам тіршілігі үшін қызмет те, ақша да, баспана да т.б. дүниенің бәрі аса қажет. Оларды адам өз игілігіне жаратуда қоғамдағы қарым-қатынас көздерін реттейтін құқықтық құжаттардың маңызы тіптен айрықша. Соның бірі де, бірегейі – Заң. Сондықтан да заңгерлер мен құқықтанушылар заң дегеніміз – өмірдің нәрі дейді. Бірақ ол заңдардың дені құқығымызды қорғауда елеусіз қалады. Әрине, заң көп, оған дау жоқ. Оның бәрін көпшіліктің жіті біле бермейтіні де рас. Демек, біз жақсы тіршілік ету үшін өмірдің нәрін жете сезінбейміз. Бұл заңдардың дәрменін, игілігін қажет кезінде қолдана алмауға соқтырады. Мұның ақыры түсінбеушілік тудырып, бітпес дауға ұласады. Ал арада туындаған кикілжің мәселесіне байланысты тиісті заңнамалар қаралар болса, дау-дамайға жауап ізделсе, кез келген жан өз мүддесін қорғайтын заңдарды табары сөзсіз. Осы орайда Шиелілік жастардың құқықтық сауаттылығын білу үшін сауалнама жүргізген болатынбыз.
Құқықтық сауаттылық дегенді қалай түсінесіз? Өз құқығыңызды қаншалықты білесіз?

Ғазиз Әбділда:
– Құқықтық сауаттылық әр адамға керек. Әсіресе, қазіргі заманда. Себебі қазір барлық жерде заң үстемдік етеді. Заң жүрген жерде әр адамның құқығы қоса жүреді. Барлық адам тең құқылы. Ешкімнің ешкімге зәбір көрсетуге, әлімжеттік жасауға құқы жоқ. Бұл әр адам білуі керек болған құқықтық сауаттылықтың әлқисасы. Сонымен тағы нені білуіміз керек дегенде, мыналарды ескерген жөн. Еліміздегі әр тұрғын тегін орта білім алуға, тегін медициналық тексерістерден өтуге құқылы. Бұл мемлекеттің өз азаматтарына жасаған дүниесі.

Мадина Дүйсебекова:
– Құқықтық сауаттылық дегенді еліміздің Ата заңының өзіме керек тармақтарын білу деп білемін. Мысалы өзім көлік жүргіземін. Соған байланысты заңды толық оқып, өзіме керектерін жаттап алдым деп айта аламын. Себебі заңды білмеген болсам көлік жүргізуге құқығым жоқ деп ойлаймын. Құқығымды толық білемін, өзімнің құқығымды таптатпаймын.

Сымбат Омарова:
– Құқық деген, менің ойымша, адамдарға, айналадағы болып жатқан құбылыстарға сенің жеке қатынасың. Яғни қоғамдағы алатын орныңды білу, жете түсіну және оны ситуацияларда қолдана білу құқықтық сауаттылықты көрсетеді. Әр жеке тұлғаның өз құқығын білуі бірінші өзіне деген, содан кейін басқаларға деген сыйластығын білдіреді. Мысалы мен қоғамдық ережелерді сақтай отырып, басқа адамдардың жеке өміріне қол сұғудан сақтанамын. Менің ойымша, құқық сөзі «әділеттілік» деген сөзбен ассоциация жасайды.

Жайна Ахметжанова:
– Құқықтық сауаттылық. Адамның жеке басының бостандығына, өмір сүру деңгейіне құқықтық сауаттылықты меңгерудің маңызы зор. Өйткені қай елде, қай жерде жүрсек те, әр адам өзінің құқығын қорғай алуы керек. Сонымен қатар өз құқығын басқаға таптатпау қажет. Құқық бойынша қазіргі таңда бірнеше заңдар мен талаптар бар. Осыны оқыған әрбір азамат жеке басының құқығын қорғай алады. Өз құқығымды күнделікті өмірде де қолданып жүрмін. Мәселен мен ҚР-ның азаматшасы ретінде сөз бостандығы, яғни өз пікірімді айтып, ақпарат алуға, өмір сүруге құқығым бар.

Бексұлтан Данияров:
– «Құдыққа құлан құласа құрбақа құлағында ойнайды» деген атадан қалған сөз бар. Адам қоғамда қаншалықты әлжуаз болса, соншалықты өзгелерден жапа шегеді. Өз құқығыңды білмесең қолынан келгендер қонышынан басудан тайынбайды. Бірақ қазіргі таңда көзі ашық буын әлеуметтік желіде болсын құқық тұрғысында сауатты болуға тырысады. Кез келген жеке шығармашылық туындыға авторлық құқық заңдастырылған. Сондықтан да адамдар ноқтаның тізгінін өкіметке ұстата салып жатады. Қандай жағдай болсын өз жолын білген адам опық жемейді, қия баспайды.

Арай Сұлтанова:
– Құқықтық сауаттылық әр азамат пен азаматша білуі тиіс дүние. Белгілі бір елде тұрып жатсаңыз яки өмір сүрсеңіз сол елдің заң аясымен таныс болуыңыз қажетті нәрсе. Құқықтың адамдар арасындағы қоғамдық қатынасты жақсарту үшін, реттеп, жүйелеп отыру үшін жасалғанын білеміз. Ал құқықтық сауаттылық – өзіңіздің және өзгенің құқығын, заң шеңберіндегі міндеттері мен мүмкіндіктерін білу және оны орнымен дұрыс жүзеге асыру. Барынша өз міндеттерімді, құқығымды білуге тырысамын. Яки әлеуметтік желіде азаматтардың құқтары жайлы жазылса оқып, есте сақтап аламын. Алайды құқықтық сауттылығымды 20-30% деп бағалар едім. Шыны керек біздің қоғамда құқықтық сауаттылық аса бір жоғары емес. Мектептерде құқық сабағы өткенімен ол жерде сабақ құқыққа қарағанда бір тарих іспетті, сабақ көбінесе заң туралы өз пікірін білдірген ойшылдың өмірбаяны мен қанатты сөздерін оқу арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік желіге кіріп өз құқықтарымды оқуға тырысқан кездерім болған. Алайда түйгенімнен түсінбегенім көп болды. Тым ғылыми-теориялық тілде жазылған.

Г.Әбдіханиқызы