Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Ауыл аманаты» жобасына құжаттар қабылданып жатыр

Қызылордада «Ауыл аманаты» жобасына құжаттар қабылданып жатыр


Қызылорда облысында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруды бастады. Жобаға қатысуға ниетті азаматтар қала, аудандағы ауыл шаруашылығы немесе кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдеріне құжаттарын тапсыра алады.

Қаржыландыру сомасы:

- ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке, яғни 8,6 млн теңгеге дейін;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері 8 мың АЕК-ке немесе 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады.

Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз.

Мерзімі:
- мал шаруашылығындағы жобаларға 7 жылға;
- бизнестің өзге де бағыттары үшін 5 жылға;

Кепілмүлікке тұрғын үй, пәтер, тұрғын емес ғимараттар, несие сомасы өтелмеген жағдайда қосымша кепіл ретінде жылжымалы мүлік және жер телімі қабылданады.

Жеңілдік кезеңі несие мерзімінің 1/3-нен аспайды.

Басты бағыттар:
1. ауыл шаруашылығы кооперациясы;
2. ауыл шаруашылығы тауарларын өңдіру, өңдеу және жаңа өңдеу;
3. егін шаруашылығы;
4. мал шаруашылығы (құс, балық, ара және мал шаруашылығы);
5. бизнестің өзге де бағыттарындағы жобалар.

Құжаттар тапсыру рәсімі:
1. жеке кәсіпкер жобаға қатысу үшін тізімге сәйкес толық құжатты жергілікті әкімдікке өткізеді;
2. жергілік әкімдік құжаттын толықтығын тексеріп «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жолдайды;
3. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құжаттарды қарауға алып, салалық қорытындылар жасап, шешім қабылдау үшін Несие комитетіне ұсынады;
4. Несие комиетінің оң қорытындысын алған жағдайда, кепілге қойылатын мүлікке тәуелсіз бағалау жасатылады;
5. келісім шартқа қол қойылып, ұсынылған кепіл уәкілетті органдарда тіркеуден өткізіледі;
6. қарыз беру жүзеге асырылады.

Бизнес жоспар әзірлеу үшін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы мен Бизнеске арналған үкімет мекемесіне хабарласуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда +7 775 451 28 28 нөміріне хабарласыңыз.

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның баспасөз қызметі
04 тамыз 2023 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930