Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде 3776 көпбалалы ана бар

Шиеліде 3776 көпбалалы ана бар




Жыл сайын 15 мамыр – Отбасы  күніне арналған аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түрлі жиындар ұйымдастырылады. Әсіресе «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының әр жылдардағы жеңімпаздарының қатысуымен отбасылық құндылықтарды, насихаттау мақсатында кездесулер өткізу дәстүрге айналған.

Одан бөлек биыл мереке қарсаңында жас отбасылар мен әйел-аналарға арналған білікті мамандардың семинар-тренингтері ұйымдастырылды. Сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарында тәрбие сағаттары, оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында «Менің отбасым» атты сурет байқауы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Біз бақытты баламыз!» ұранымен эстафеталық сайыстар өткізілді. Психологтардың қатысуымен ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесулер, танымдық шаралар да өз кезегінде ұйымдастырылуда. Бұл туралы кеше аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов брифинг барысында баяндады.

«Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» байқауында еліміздің ең үлгілі отбасылардың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да елімізде дәстүрге айналды. 2016 жылы облыстық кезеңнен Ноғайбаевтар отбасы 3 орынды иеленсе, 2017 жылы Исламхановтар отбасы облыстан бас жүлдеге ие болып, республикалық ақтық мәреде елордамыздың төрінде өткен ұлттық байқауда сертификатпен марапатталды. 2018 жылы Ишанқұловтар отбасы облыстан бірінші орынды иеленіп, республикалық кезеңнің дипломанты атанды. Мемлекет басшысының атынан Ишанқұловтар отбасына «Нива – Шевролет» көлігінің кілті табысталса, 2019 жылы Қиянбековтер отбасы республикалық байқауда үздік деп танылса, 2021 жылы Әбілдашевтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінен бас жүлдені иеленді. 2022 жылы ауданымыздан Рыспембетовтер, Байжановтар отбасы жеңімпаз атанып, республикадан Байжановтар отбасы мерейімізді үстем етті. «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсын өткізу жайлы Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімі, Жастар ресурстық орталығы фейсбук әлеуметтік парақшаларында ақпараттандырылды. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасыларға өтінімді және құжаттарды дайындау бойынша мағлұматтар беріліп, тиісті жұмыстар жасалуда, – деді Б.Ысмағұлов. 

Айта кетейік, қазір аудан бойынша 3776 көпбалалы ана бар. Оның 967-сы «Алтын алқа», 1575-і «Күміс алқа» иегерлері.
16 мамыр 2023 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930