ҮРМЕЛІ АСПАПТЫҢ ҮЙРЕТЕРІ МОЛ

Мәдени шараның шымылдығы ең алдымен «лэд» экраны арқылы көрсетілген бейнеролик көрсетілімінен бастау алды. Бұнан соң Қызылорда облыстық филармониясының камералық оркестірінің әртісі, Шиелі аудандық өнер мектебінің габой сыныбының мұғалімі Асхат Құрманалиев «Отан ана» әнін шырқап, қалың көпшіліктің қошеметіне бөленді. Одан бөлек, сахна төрінде түрлі шығармалар сахналанып, әндер шырқалды. Үрмелі аспаптың көмегімен сахналанған туындылардың барлығы классикалық кештің сәнін кіргізді. Атап айтар болсақ, мерекелік кеште Мейрамбек Ақниет, Жанерке Қайратқызы, Маркел Мыңбаев, Жүніс Марғұлан, Нұрсұлтан Ибраев, Дәулет Барлыбаев есімді өнерпаздар кеште өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. Кеш соңында өнер мектебінің директоры Нариман Әшімханұлы сөз алып, құттықттау тілегін жеткізді.
Сымбат СҰЛТАН