Мәдениеті биік елдің – мәртебесі биік
«Сыр елі – жыр елі» деген атақ Алаш анасының төсін емген мұқым елге жайдан-жай беріліп, не болмаса сөздің ұйқасымен айтыла салған жоқ. Мұның артында қаншама сүлейлер мен шайырлардың еңбегі жатыр. Сонымен қатар Сыр халқының ән мен жырды жанындай жақсы көріп, жатқа айтып, бабалардан мирас ретінде қалған саф өнердің қаймағын бұзбай, болашаққа сол қалпында табыстап келе жатқандықтарына берілген баға деп білеміз. Осы тұста мәдениет саласында атқарылып жатқан ілкімді істерді білмек ниетте аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Аруна Әзімханмен сұхбаттасқанды жөн көрдік.
– Аруна Өркенқызы, сіздің бұл салаға басшылыққа келгеніңізге 1 жыл енді толады. Осы бөлімге қарасты мәдениет ошақтары туралы айта кетсеңіз... Жасыратыны жоқ, ауданға қарасты елді мекендерде тозығы жеткен, жөндеуді қажет ететін клубтар бар. Олардың саны қанша? Материалдық-техникалық база жағынан таршылық көрмейсіздер ме?
– Қазіргі таңда Шиелі аудандық мәдениет және спорт бөліміне қарасты барлығы 28 мәдени ошақтары, 7 халықтық ұжым, 2 мәдени-демалыс кешені, Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 32 кітапхана, спорт клубы халыққа қызмет көрсетеді. Бұл мекемелердің көбі ауылдық округтерде орналасқандықтан бөлімге қарасты мәдениет ошақтарының жұмысын қадағалап, назарда ұстап отыру үшін мәдени-шығармашылық орталығында 4 кураторлық топ жұмыс істейді. Әр аймаққа бөлінген куратор өзіне бекітілген аймақтармен тығыз байланыс жасап, әрдайым әдістемелік көмектер көрсетіп, олардың тыныс-тіршілігінен хабардар болып отырады. Аудан бойынша 8 апаттық және арнайы ғимараты жоқ 2 клуб үйі бар. Бүгінгі күнге дейін жалпы аудан бойынша Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Еңбекші, Ш.Қодаманов ауылдық мәдениет үйлері жаңа ғимаратқа көшсе, өткен жылы Жиделіарық ауылдық клуб үйінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарына ұлттық киімдер, дыбыс күшейткіш аппаратуралары мен компьютерлер алынды. Қажетті жас мамандармен толықтыру үшін өткен жылы Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдени-шығармашылық орталығына, Бәйгеқұм, Байсын, Ы.Жақаев, Н.Бекежанов, Бала би мәдениет үйлеріне 6,0 штаттық бірлік берілді. Мұның өзі – адамның құлшыныспен жұмыс істеуіне зор ықпал ететін фактор. Осы ретте жаңадан пайдалануға берілген мәдениет үйлерінде ауыл халқының игілігі үшін қаншама жиындар, республикалық шаралар, мүшәйралар, айтыстар т.б. түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізіліп, ауыл халқының мәдени-рухани тұрғыдан дамуына зор ықпалын тигізуде.
– Өткен барыс жылы аудан мәдениеті үшін қандай жағымды жаңалықтар мен жетістіктер алып келді?
– Өткен жыл жаңа бастамаларға толы жыл болды. Жаңадан ашылған қобыз, саксафон, барабан үйірмелер өз жұмыстарын жандандырып, жергілікті өнерпаздар түрлі деңгейдегі байқаулар мен конкурстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Б.Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы жанындағы «Ұлт аспаптар» халық оркестрінің жетекшісі Әділбек Тәшімов Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері атанып, дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Дәуірлер бейнесі домбыра үнінде» атты республикалық күйшілер байқауында бас жүлде иеленді. Сонымен қатар Әділбек Тәшімов «Әлшекей Бектібайұлы» төсбелгісін кеудесіне тақты. Ал Қызылорда қаласында өткен КСРО-ның Халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық байқаудан ән үйірмесінің мүшелері Айгүл Еркінбайқызы жүлделі 2, Сафуан Көрегенов 3-орынды, «Арман» мәдениет үйінің «Жеті нота» үйірмесінің жетекшісі Дәурен Беркімбаев Астана қаласында өткен Қазақстан және КСРО Халық әртісі , Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған халықаралық вокалистер конкурсында Роза Бағланованың отбасы атынан арнайы жүлдеге ие болды.

– Осыған дейін көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Ұлттық құндылығымызды насихаттауда атқарылған жұмыстардың нәтижесі қандай?
– Ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы. Ақын Бұдабай Қабылұлының 180 жылдығына арналған «Өзге сөзден өлеңге ұста Бұдабай» атты республикалық жыраулар фестивалі, Иманжүсіп Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Қазаққа аты мәшкүр Иманжүсіп» атты республикалық әнші-жыршылар фестивалі, Нартай мұраларын насихаттау мақсатында «Нартай мұралары» фестивалі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші-композитор Ә.Ноғайбаевтың 75 жасқа толу мерейтойына арналған «Әні әдемі Әлмырза» атты республикалық дәстүрлі әншілер фестивалі, айтыс жанрына келер болсам, қарымды қаламгер Дүйсенбі Смайыловтың 90 жылдығына орай «Маржаны Сырдың Шиелі» атты республикалық ақындар айтысы, Сырдың Бас ақыны Махамбетқали Тұрсановтың 85 жылдығына арналған «Жарқылдап өткен алдаспан, Махамбетқали марқасқам» атты облыстық оқушылар, «Ақындықтың тұғырынан түспеген Махамбетқали» атты облыстық жас ақындар айтыстары, Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – көненің көзі, бабаның үні» атты облыстық жас домбырашылар байқауы, отбасы құндылығын насихаттау бағытында Отбасы күніне орай «Әке – ер, ана – жігер, бір үйде екі кемеңгер» атты көпбалалы отбасылар арасында байқау ұйымдастырылса, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Әйел күннің шуағынан жаралған» атты салтанатты кеш көптің есінде біраз уақытқа дейін сақталатыны даусыз. Сонымен қатар 18 сәуір «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне» орай тарихи-мәдени мұраларды толықтыру мақсатында мемлекет қорғау тізіміне алынбаған ескерткіштерге барлау жұмыстары жүргізіледі. Қазақ биі – ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек, артық айтқандығымыз емес. Сондықтан ауданымызда кенже қалған ұлттық биді дамытуға жұмыстар жүргізілу үстінде. Мәдениеттің негізгі жұмысы – ұлттың ұрпағын тәрбиелеу дейтін болсақ, осындай іс-шаралар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, сақтауға қызмет етеді деген сенімдеміз.

– Сәті түсіп тұрғанда сұрағаным жөн болар. Осыдан тура 3 жыл бұрын «Жан дауа» атты спектакль сахналанғаны есте. Мәдениет үйінің өнерпаздары көрермендерін тамаша туындымен тәнті еткен болатын. Шиелілік өнер ұжымы көрермендердің театрға деген сағынышын қашан басады?
– Расында, театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер. Сол өнерді түсініп, сол өнерден ләззат алатын болғандықтан болар, көзіқарақты көрерменнің театрды аңсайтыны. Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдени-шығармашылық орталығы жанынан құрылған Халық театры Қызылорда облысы бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атақтар беру туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес белгілі жырау Құрманбек Бекпейістің «Дүрбелең» спектаклін сахналап, «Халықтық» (үлгілі) атағын қорғады. Бүгінде театр ұжымы 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай жерлесіміз, драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың 2 актілі «Бізде ғашық болғанбыз» драмасын сахналауға дайындық үстінде. Халық театрының алар асуы әлі алда.

– Түйіндей келе, биылғы жаңашылдықтар мен өзгерістерге тоқталсаңыз... Жыл басынан бері қанша мәдени іс-шара өтті?
– Аудан бойынша 4 республикалық, 10 облыстық байқаулар ұйымдастырылған. Негізінен бізде ұйымдастырылатын мәдениет және спорт ұйымдарымен өткізілетін шаралар ұлттық тәрбие беруге бағытталады. Өскелең ұрпақ бос уақыттарын мәдениет және спорт ұйымдарында өткізуге тиіс. Сондықтан біздегі үйірмелер жұмысын жандандыруымыз қажет. Биыл аудан орталығын да жоспарға сәйкес Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаев атындағы ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгілер арасындағы республикалық турнир, әнші-сазгер Ш.Жанболатқызын еске алуға арналған «Сырдың Қараторғайы» атты сырнаймен орындаушылардың республикалық фестивалі, М.Шоқай атындағы Тәуелсіздік күніне арналған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир, И.Құтпанұлының 160 жылдығына арналған «Ақ балдақ алмасымның сынығысың» атты республикалық айтыс, ақын, жазушы, аудармашы Қ.Әбдіқадыровтың 120 жылдығына облыстық жас ақындар айтысын, ақын, жырау Асан қайғы Сәбитұлының есімін ұлықтау мақсатында «Тарихта жыры қалған Асан қайғы» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы, жазушы О.Сәрсенбаевтың 85 жылдығына арналған «Сұлу Сырдың бойындағы иран бақ» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасы өтеді.Бұл іс-шаралардың мақсаты балалар мен жасөспірімдерге, өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрлерімізді сіңіру, халқымыздың мәдени мұралары мен рухани байлығын насихаттау, олардан шығармашылық тұлға қалыптастыру.

Сұхбаттасқан
Сұлушаш МАДИЯРОВА
Сұлушаш МАДИЯРОВА