Көркі кірген белгілер
Егемендік алғалы Қазақстанда оң өзгерістер етек алып, экономиканың едәуір өскені мұқым елге мәлім. Қазіргі күнімізді кешегі тоқырау тоқсаныншы жылдармен мүлдем салыстыруға келмейді. Осы жылдар аралығында көрші елдермен келісімге келіп, шекарамыздың да қадасын қағып, нақтылап алдық. Сонымен қатар кезіндегі орысша аталып кеткен көше, ауыл, аудан, тіпті қала аттарына қазақы атаулар беріп, мемлекеттік тілді қазақ тілі етіп бекіттік.
Халқының 96 проценті қазақ ұлтынан тұратын Қызылорда облысы ел үшін атқарылып жатқан келелі істердің әркез алдында келеді. Иә, біздің өңір тоғыз жолдың торабында орналасқан құтты мекен. Ауыл шаруашылығы мен мал ұстауға өте қолайлы бұл өлкенің сауда саттық бағыты да жақсы дамыған. Оған үстімізден өтіп жатқан «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік автожолы да сеп болып отыр. Тақтайдай төселген трассамен астымыздағы темір тұлпарымыз тапжылмай жүріп, діттеген жерімізге жылдам жетудеміз. Бұрынғы қырық жамау, шұңқыры қасқырдың апанындай тесік жолдан құтылғанымызға да біршама уақыт болды. Талай ырғалып, жете алмай шаршаған қиыншылықтарымыздың барлығы дерлік артта қалды. Бұл да болса халыққа жасалған жақсылықтың бірі деп білеміз. Бақытымызға орай жаңа жөндеуден өткен Ұлы Жібек жолы халыққа әлі талай қызмет көрсетері анық.

Осы жолдың бойында ауданға қарасты бірнеше ауылдық округтер орналасқан. Әр ауылдың тұсында ауыл аттары жазылған белгілер бар. Сол белгілер ертең алынып тасталатын баннер яки плакат емес. Ол тұтас бір елдің атын айшықтап тұрған белгі болғандықтан, оның дизайны мен сапасы барынша ескерілу керек. Мәселен, Бала би ауылындағы кіре беріс қақпаны тілге тиек етуге болады. Аталған ауылдың кіре берісіндегі хан сарайының қақпасындай етіп соғылған әлгі белгіні көргенде еріксіз тамсанасың. Ұлттық нақышта бой көтерген қақпалардың сапасы мен сипатына сын айта алмайсың. Көрген жанды өзіне тартып, артындағы ауылға атбасын еріксіз бұрғызады.
Бүгінде көше мен елді мекен атауларының төңірегінде қордаланып қалған мәселе жетерлік. Оның үстіне кейінгі кездері көшелерге елге еңбегі сіңбеген, беймәлім адамдардың аттарының берілуі жайлы да баспасөзде жиі айтылып жүр. Жалпы көшелерге ат беру қоғамның әр саласын дамытуға сүбелі үлес қосқан, елін-жерін жаудан қорғауда еңбегі сіңген бабалар мен отаншыл, елжанды азаматтарды ел есінде мәңгі сақтау мақсатын көздейді. Алайда бұл үдеден шықпайтын жандардың есімі көше атауына беріліп жатқандығы да мәлім. Ол былай тұрсын бұрындары көше атауы жазылған тақтайшалардың үлгісі мен өлшемінде де бірізділік байқалмайтын. Қазір бәрі рет-ретімен қалыпқа келуде. Яғни, көше атаулары жазылған тақтайшалардың үлгісі, түсі, өлшемі бірдей орналастырылып, аудан көркі ажарлана түсуде.
«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік жол болғандықтан бұл трассамен тек еліміздің азаматтары ғана емес, шетелдіктерде жүріп жатыр. Ауданды айналып өтетін сан мыңдаған жолаушылар орталыққа кіріп көрікті жерлерімізді көрмейтін болғандықтан Шиеліні осы белгілер арқылы танып, өзге аудандармен салыстыратыны анық. Сол себепті де, белгілерімізді келген мейманның есінде қаларлықтай етіп, ұлттық сипат пен Сыр елінің символын кірістіріп қайта жасауымыз қажет секілді. Шиелінің өз стилін қалыптастыруда да бұл белгілердің алар орны ерекше болар еді .
Бет қатталып жатқанда: Еңбекші, Жиделі, Қосүйеңкі ауылдарына баратын айналма тым ұзақ болып тұр. Төңкеріс ауылынан асып барып бұрылатын бұрылысты, Еңбекші ауылының тұсынан қайыруды қарастырса екен деген ниетіміз бар. Әйтпесе, төрт ауыл мен Қаратаудың етегіндегі қаншама өндіріс орындарының көліктері бес шақырым жерді құр айналуға мәжбүр.
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ