Дала жұмысына дайындық қалай
Әр саланың өзіне тән қызығы мен қиындығы бар. Дегенмен дала диқандарының бейнеті мен төккен тері, еселі еңбегі қашанда елеулі.
Шыны керек, олар қар еріп,тоң жібіп, күн жылт еткен сәттен күздің қара суығына дейін егіннің жай-күйімен, тынымсыз еңбектің соңында жүреді. Алай жаздайғы тынымсыз еңбектің зейнетін қар түсіп, күн суыған соң алаңсыз көретін шығар десеңіз қателесесіз. Диқан қауымы қалған үш айда да үйінде тынымсыз жатпайды. Қыс шанаңды жас сайла дегендей олар жаздық соқасын қыстай сайлап шығады, көктемгі егістің жайын ойлап шығады. Бұған себеп соңғы жылдары сыр диқандарының су тапшылығына тап болуында. Осындай қиыншылыққа қарамастан, қамбаны астыққа, көңілді тоқтыққа толтырған біздің Толағай еңбек адамдарымыздың алдағы егіс науқанына дайындығын бір пысықтау мақсатында ауылшарушалығы жайлы қалам тербегенді жөн санадық.

ЕГІС КӨЛЕМІ АРТАДЫ
Осы жылы Шиелі ауданы бойынша 30 538 гектар алқапқа егіс егу межеленіп отыр. Бұл өткен жылғы жалпы егіс көлемімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі 2,2 млрд теңгені құрап отырғанын анықтап білдік. Яғни аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөілімі тарапынан алынған мәліметке сәйкес биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең Дала» бағдарламасымен аудандағы 9 шаруашылық 462 млн теңге, басқа да жеке шаруашылықтардың өз қаржысымен 610 млн теңге, инвесторлар арқылы артылған қаржылар есебінен 862 млн теңге және басқа көздерден 260 млн теңге көлеміндегі қаражат көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мақсатында есепшоттарға түскен.

ТЫҢАЙТҚЫШ ТАПШЫ
БОЛМАЙ МА?
БОЛМАЙ МА?
Қазір бұрынғыдай емес, жердің де құнары азайып, күші қайтқан. Жыл өткен сайын бұрын-соңды білмеген, адам естімеген өсімдіктердің аурулары да көбейген. Адаммен малды былай қойғанда, бақшадағы дақылға да дәрі қажет. Егістікке қажетті тыңайтқыш, дәрі-дәрмек,дәрумендердің қол жетімділігі қандай? Ауылдағы шаруа бұл қажеттілігін қалай өтеп отыр? Бұны да күн тәртібіне енгізе отырып, жауапты бөлімдерден тиісті жауабын ала білдік. Осы орайда, биыл егілетін егістікке 14 335 тонна – минералдық тыңайтқыш алу жоспарланған болса, бүгінде оның 7485 тоннасы аудандағы шаруашылықтардың қоймасына жеткізілгендігін білдік.
Күріш егумен айналысатын бірқатар ірі шаруашылықтар тарапынан аммоний сульфаты – 7155 тонна, карбамид – 3 870 тонна, 90 тонна – байытылған суперфосфат, 2540 тонна – аммофос, 400 тонна – аммиак силитрасы және 280 тонна – тыңайтқыштың басқа да түрлеріне сұраныс жасалған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұранысы ретінде осы жылы арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтердің жалпы қажетті көлемі – 12 045 литрді құраған болса, оның ішінде: рейнбоу – 2085 литр, солито – 8 445 литр, 230 литр – гулливер, 100 литр – гербитокс, 115 литр – номини және 1 070 литр басқа да түрлеріне шаруашылықтар тарапынан сұраныс бар. Гербицид өнімдері мамыр айында толық жеткізілмек.
Өткен айдың ортасында аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетовтың төрағалығымен өткен жиналыста көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған дизель отынына сұраныс беру жайлы жиын өткен болатын. Шаруашылық басшылары тарапынан оператор ретінде «РК-Мұнай» ЖШС-ны таңдайтындарын айтып өтініш білдірген. Қазіргі таңда аудан бойынша көктемгі егінге мемлекет тарапынан 1696,2 тонна арзандатылған дизель отынына сұраныс беріліп, оның 1 литр бағасы 212 теңге болып бекітілген.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының сөзінше, негізгі дақыл күрішке 3000 тонна тұқым алынған. Атап айтқанда, «Лидер» – 2760 тонна, «Маржан» – 40 тонна, «Маршал» – 200 тонна. Ал бұл тұқымдарды дәрежесіне қарай сұрыптай тарқататын болсақ көктемгі егіс үшін әзірленген, жеткізілген тұқымдардың 1 500 тоннасы жоғары сұрыпты I репродукция, 1 300 тоннасы II репродукция, 200 тоннасы III репродукциялы тұқымдарға жатады. Сондай-ақ биыл Ресей мемлекетінен «Ер-Әлі» тұқым шаруашылығы арқылы 200 тонна күріштің жаңа «Маршал» сорты алынып, 800 гектар жерге себу жоспарланған. Айта кетейік, Ресейден алынған бұл сорттың артықшылығы суды үнемді пайдаланумен қатар ол топыраққа түскеннен кейін 105-110 күнде толық өсіп,жетіліп піседі.
ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ
ҚАУІП ТӨНДІРМЕСІН
ҚАУІП ТӨНДІРМЕСІН
Дарияның төменгі ағысында орналасқан облыс үшін қашанда судың тапшы болатынын бұған дейін де сөз еттік. Дегенмен, етекте отырсақта етек-жеңімізді жиып, оны үнемдеп, дұрыс пайдаланатын болсақ, су тапшылығынан туындайтын қауіпті сейілтетініміз анық.
– Өздеріңіз білесіздер бірнеше жылдан бері өңірде судың тапшылығы сезілуде. Өткен жылы республикада бірнеше өңірде қуаңшылық жағдайлары орын алып, біраз қиыншылықтар болды. Елдің белсенді азаматтары мен шаруашылық басшыларының қолдауымен құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарға жүк көлігіне тиелген шөп пен жемді тұрақты түрде жөнелтіп отырдық. Қиын күндер артта қалды. Қысылған да халыққа қолдау білдіріп келе жатқан аудандардағы шаруашылықтарға мемлекет тарапынан да тиісті көмек-қолдаулар көрсетілетіндігіне сенеміз.
Биылғы жылғы көктемгі дала жұмыстарына бекітілген дизель отыны бағасының әлі де қымбат екендігі анық. Себебі жанар-жағармайлар өзіміздің өнім болғандықтан баға шарықтамай әлі де арзандатылса дейміз. Тек әзірге көңілге медеу болып тұрған бір дүние біздегі ауыл шаруашылығы құрылымдары өз қаржысы есебінен соңғы жылдары 444 млн теңгеге жаңа үлгідегі ауыл шаруашылық техникаларына қол жеткізді. Бұл да бір ауыз толтырып айтарлық дүние. Әлі алда атқарар ілкімді істер жетерлік. ауылшаруашылық саласы ақырын ілгерілесе де келешек үлкен істерді атқаратынына сенемін, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков.
Дархан БАЙТІЛЕС