САЙЛАУ: ӘЗІРЛІК ҚАЛАЙ?
Республика көлемінде 19 наурыз күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау алдындағы әзірлік басталып кетті. Қазір партиялар кандидаттар тізімін жасақтап, жаңа саяси ұйымдар өңірлерде филиалдар ашып, қызу тірлікпен айналысуда. Бұл ретте жергілікті сайлау комиссиялары да іске білек сыбана кірісті. Дайындық қалай жүріп жатыр? Жалпы кандидаттарға қандай талап қойылады? Өңірдегі сайлаушылар депутаттарды қалай таңдайды? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Молдабай Дулатовпен тілдескен едік.
– Молдабай Оразбекұлы, ҚР Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы қалай? Аудандағы комиссия мүшелері қалай жасақталады?
– Сайлауды өткізу және ұйымдастыруға байланысты жұмыстар 20 қаңтардан басталып кетті. Қазіргі таңда негізгі жұмыс жасап жатқан аудандық сайлау комиссиясы мен округтік сайлау комиссиялары. Учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы 20 ақпаннан басталады. Сайлау комиссиясының негізгі құрамын жасақтау аудандық мәслихаттың құзіретінде. Жасақтау тәртібі бос орындар туралы аудандық мәслихатты аудандық сайлау комиссиясы жазбаша түрде хабардар етеді. Мәслихат баспасөзге бос орындар туралы белгілі мерзімде хабарлама береді. Сол мерзім ішінде саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар түседі. Сол ұсыным бойынша ұсынған адамды талапқа сай келген жағдайда мәслихат сессия шешімімен бекітіп береді. Егер де ешқандай ұсыным түспеген жағдайда жоғарғы тұрған комиссия уақытша ұсыным береді. Арнайы жасақталған комиссия мүшелері – тәжірибелі әрі өз ісін білетін мамандар. Сондай-ақ олар биылғы сайлау жаңа жүйе аясында өтетіндіктен, арнайы оқыту семинарлары барысында білімін жетілдірді.

– Мәжіліс және мәслихат депутаты атанар азамат қалай іріктеліп, сайланады? Қойылар талап қандай?
– Бүгінгі күні барлығы 48 кандидат құжат тапсырды. «Аmanat» – 14, «Ауыл» – 2, «ҚХП» – 2 қоғамдық саяси партиялары өз кандидаттарын ұсынса, қалған 30 кандидат өз-өзін ұсыну жолдарымен құжат тапсырды. 18 ақпанға дейін үміткерлерді тіркеу жүргізіледі. Тіркеуден өткен кандидаттарға 18 ақпан мен 18 наурыз аралығында үгіт-насихат шараларын ұйымдастыруға рұқсат беріледі. Қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы аумағында 10 жылдан кем емес тұруы, үміткерлер мәжіліске 25 жасқа толуы, мәслихатқа 20 жаста болуы шарт. Егер кандидат сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсіне сай болса заңда белгіленген тәртіппен таныған адам кандидат бола алмайды.

– Биылғы сайлаудың ерекшелігі сол, өзін-өзі ұсынар кандидаттарға мол мүмкіндік берілмек. Осыған аз-кем тоқталсаңыз...
– Бұл сайлаудағы ерекшеліктің тағы бір тұсы – барлық құжаттар тапсырылғаннан кейін кандидаттардың құжаттарын арнайы келген формаға салып сұрау салу хаттары арқылы талапқа сәйкестігін анықтау, зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Талапқа сәйкестігі анықталғаннан соң комиссия сәйкес, сәйкес еместігіне хаттама толтырады. Сол хаттамамен кандидатты хабардар етіп, сәйкес кандидаттардан жарна пұл төлегендігі туралы түбіртекті алдырады. Жарна пұл төленгеннен кейін кірістер департаментіне тапсырған деклорация анықтамасы алынады. Кірістер департаментіне аудандық сайлау комиссиясы арнайы хат жолдау арқылы растау хатын алғаннан кейін барып тіркеу жүргізіліп, кандидаттарға куәліктер тапсырылады.

– Енді сайлау жарнасына қарай ойыссақ. Кандидаттар қалтасынан қанша қаражат шығаруы тиіс және ол қайтарыла ма?
– Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы жарна көлемін жариялады. Соған сәйкес, Мәжіліс депутаты атануды қалайтындар ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерін (1 млн 50 мың теңге), мәслихат мандатынан үміттілер 5 еселенген көлемін (350 мың теңге) аударуы тиіс. Кандидат депутат болып сайланса немесе сайлаушылардың кемінде 5 процент дауысын жинаса, үміткер қайтыс болса, аталған сома қайтарылады. Ал қолдау білдірген сайлаушылар саны 5 проценттен аз болып, мандатты иелене алмаса, сайлау жарнасы қайтарылмайды. Сонымен қатар кандидаттар мен олардың жұбайлары 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша декларация тапсыруы тиіс. Белгіленген құжаттар ұсынылған соң округтік комиссиялар кандидаттарды тіркейді.

– Түсінікті. Жалпы қазір бәріміз «Жаңа Қазақстан. Әділетті қоғам» деп жатырмыз. Қалай ойласыз, осы алдағы сайлаудан соң Сенатта бір сұс, Мәжілісте бір мыс болады деп ойлайсыз ба?
– Сұрағыңыз орынды. «Тойдың болғанынан болатыны қызық» демей ме?! Бұрындары сайлаудан кейін «бәрі тамаша, жаңаша болады» дегенге иланатынбыз. Қазір халықтың көкейінде күмән көп. Бірақ сонда да бәрі жақсылықтан, жаңашылдықтан үмітті. Қайтсе де ең алдымен сайлау өтсін, одан кейін не өзгереді, не бәз баяғы қалпында қалады. Оны да көре жатармыз. Ал біздің қазіргі міндетіміз – сайлауды әділ, заңға сәйкес өткізу.

– Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан
Сұлушаш МАДИЯРОВА
Сұлушаш МАДИЯРОВА