Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік тұрағы жоқ үй салуды тоқтататын кез келді – Тоқаев

Көлік тұрағы жоқ үй салуды тоқтататын кез келді – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте көлік тұрағы жетіспеу мәселесі туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.



«Тағы бір маңызды мәселе – көлік тұрағы жоқ үйлердің көптеп салынуы. Қазір жұрт балаларын сыртқа шығарудан қорқады. Өйткені ауланың бәрі автокөлікке толып тұр.
Бұдан былай көлік тұрағы болмаса, бірде-бір үй салынбауы керек. Жалпы, ашық алаңда орналасқан автотұрақтар ақылы болуы керек. Әйтпесе, осындай келеңсіз жағдайлар жалғаса береді. Үкіметке нақты шешім қабылдауды тапсырамын. Сондай-ақ Министрліктер үйінің маңында автотұрақ тапшы. Жұрт көлігін қайда қоярын білмей әуре-сарсаңға түседі. Тіпті, көліктерін жақын жердегі үйлердің ауласына қоюға мәжбүр болады. Бұл тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудыратыны түсінікті», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Астанада көпдеңгейлі автотұрақ салатын екі учаскені ұсынды.
«Бас прокуратура және Жусан банкі ғимаратының ортасында бос жер бар. Жоғарғы Сот ғимаратының артындағы алаң да бос жатыр. Әкімдікке осы екі жердің біріне көп қабатты жабық паркинг және жаяу адам өтетін көпір салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
01 ақпан 2023 ж. 209 0