Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқауда бағы жанды

Байқауда бағы жанды

Елбасы Жолдауымен жүктелген нақты тапсырмалармен жүйелі жұмыс жасай білетін, ұрпақ тәрбиесі сынды маңызды міндетті орындауда озық болып жүрген аудан ұстаздары облыстық байқаудан «Үздік сценарий» номинациясын алып қайтты. Білім қызметкерлері арасында «Жолдау жолымен білім биігіне» тақырыбымен өткізілген үгіт-насихат бригадаларының аудандық кезеңінің жеңімпаздары №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицей ұжымынан құралған «Алтын ғасыр» тобы облыстан да құр қайтпады. Қызылорда қаласы және аудандардан келген мектеп ұжымдарынан құралған топтардың ішінен жақсы сценарийімен көзге түсіп, топ жетекшісі Н.Дінисламов және топ мүшесі Н.Көпенов Астана қаласына демалуға жолдама алды. Өнерлерімен қазылар номинациясын алып қайтқан ұжымды аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов арнайы қабылдап, құттықтады.
«Өскен өңір» ақпарат.
16 сәуір 2018 ж. 1 005 0