Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СОҢЫНАН ҚУАСЫҢ, ЖЕТПЕЙСІҢ...

СОҢЫНАН ҚУАСЫҢ, ЖЕТПЕЙСІҢ...

Қазір тістелген алмасы бар адамдардың бәрі бақытты. Айтып отырғаным алма емес, айфон. Иә, сіз қате оқыған жоқсыз. Бүгінде расымен айфоны барлардың бәрі трендте. Себебі қолыңызда мұндай құрылғы болса, сіз заманауи әрі бай адамсыз. Алайда бүгінде айфонның соңынан қуып жету мүмкін болмай барады. Жаңа үлгідегі түрін сатып алсаңыз, алты айдан кейін басқа бір түрі шыға келеді. Бағасы да қымбат. Ерекшелігі – камера сапасында ғана. Ал сол гаджеттерді бүгінгі таңда он адамның сегізінен кездестіруге болады. Бірі өз ақшаларына сатып алса, енді бірі несие алып айфонға қолжеткізіп әлек. Әсіресе, мектеп жасындағы балалар.
Жасыратыны жоқ, бүгінде қолында гаджеті жоқ баланы сирек кездестіретін болдық. Ұялы телефон атаулы балабақшаға баратын бүлдіршіндерден бастап, жоғары сынып оқушыларына дейін бар. Осыдан кейін жастар ­туралы жақ ашпай-ақ қояйын. Қазіргі таңда білімімен жарысатын жастар емес, ұялы телефонының жаңа маркасымен мақтанатындардың қатары көбейген. Хат алысып, хат жазысуға болатын қарапайым смартфон ұстағандардың қатары аз. Себебі қазіргі таңда сенің тұрмыс-жағдайыңның өзі қолыңдағы смартфонмен өлшенетін болған. Қарапайым гаджет ұстасаң, мазақ етіп күледі-мыс. Үлкендерді былай қойғанда, мектеп жасындағылардың өзі ата-аналары сатып алып берген телефонмен мақтанғысы келеді. Тістелген алмасы бар айфонның жаңа түрі шыға қалса, сатып алуға асық, олар. Ал мұндай телефондардың арзан тұрмасы анық. Құны кем дегенде 500 мыңнан бас­талатын қымбат құрылғыны сатып алуға оқушылардың қалтасы әрине көтермейді. Алайда «Балам қатарынан қалмасын» дейтін ата-аналардың басым көпшілігі амалдың жоғынан қалағанын сатып алып беруге мәжбүр. Бірі тиыннан тиын құраса, енді бірі несиенің көмегіне жүгінеді. Баласы айфон ұстап жүрген біршама ата-аналардың тұрмыс-жағдайлары керемет деп айту қиын. Бірақ «Балам жыламасын» дейтіндер аталған соманы жерден қазса да табады.
«Apple» компаниясының жасап шығарған тістелген алмасы бар смартфондары бүгінгі заманның басты трендіне айналған. Ең алғаш Америка құрама Штатының Колифорния қаласында «apple» компаниясы «iphone» ұялы маркасын жасап шығарған болатын. Содан бері бұл компанияның кәсібі алға басып, тасы өрге домалады. Содан кейін дәл мұндай телефондарды Қытай мемлекеті де жасап шығаратын болды.
Қазіргінің бренді болған гаджедтерге әлем елдерінің назары ауып, қызығушылығы артып, айтарлықтай сұранысқа ие болды. Дәл осы батырмасыз құрылғылар он жыл бұрын біздің елге де жетіп үлгерді. Сол уақыттың ішінде «айфон» ұялы телефоны мың құбылып, жыл ­сайын жаңарып отырды. Сауда үйлерінде қаптаған телефондар тұрса да, қос жанарың әлгіндегі қымбат смартфонға бірден түседі. Бала түгіл, кейде өзіміздің сатып алғымыз келіп кетеді. Алайда құны бүгінде бір қыздың қалың мал бағасымен бірдей. Ал енді өзіңіз бағасын жобалай беріңіз. Айтпағымыз, айфонның жаңа маркасы жайында. Дәлірек айтсам, «айфон 14». Гаджет қарапайым біз түгіл, бай-шенділердің қолына енді тиіп жатыр. Жақында ғана қолданысқа енген 14-ші маркалы айфонның құны 1000000 теңгеден ­басталады. Тек бағасы аспандап, цифры өзгеріп жатқаны болмаса, аты да заты да өзгермеген.
Хош. Айфон сатып аламын десеңіз де, оны балама алып беремін десеңіз де мынаны ұмытпаңыз. Біріншіден айфонның жаңа үлгісін алып, оның соңынан ешқашан қуып жете алмайсыз. Ал екіншіден оның да түр-түрі бар. Абзалы мұндай қымбат смартфондарды базарлардан немесе кішкентай дүкендерден сатып алмағаныңыз жөн. Әсіресе, Қытайдан келетін мұндай гаджеттерден аулақ болыңыз. Себебі олардың бағасы арзан болғанымен, сапасы сын көтермейді. Сондай-ақ ол жақтан келетін тауарлар қатерлі ісік ауруына душар етуі мүмкін дейді мамандар.

С.Сұлтан
16 қаңтар 2023 ж. 423 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930