Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚЫННЫҢ МЕРЕЙ ТОЙЫНА АРНАЛДЫ

АҚЫННЫҢ МЕРЕЙ ТОЙЫНА АРНАЛДЫ


Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі 1942 жылдың 2 шілдесінде Түркістан облысының Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Шығармашылық қызметін "Оңтүстік Қазақстан" газетінде бастап, кейіннен "Жас Алаш" ("Лениншіл жас"), республикалық теле арна, радио редакцияларында жалғастырды. 1984 жылдан бері "Жалын" журналының бас редакторы болған ақын кейін қырғыз еліндегі елші қызметін жемісті атқарды. Мәжіліс депутаты бола жүріп, мінберде талай рет тіл мәселесін қозғады.
Мұхтар Шаханов 1989 жылы Мәскеуде КСРО халық депутаттары Жоғары кеңесінің бірінші съезінде Желтоқсан оқиғасына қатысты мәлімдемесінен кейін оны жұрт қоғам қайраткері ретінде тани бастады.
Талай жылдардан бері ел мен жер мәселесінде өзекті ойын қағып, дабыл қағып жүрген ақынға таяуда Ұлытау облысында өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын салтанатты түрде табыстады.
Мұхтар Шаханов – тұтас бір дәуір. Ат жалын тартып мінгелі, қолына қалам ұстағалы ақынның мұңы - қазақтың мұңы болды. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасымен дараланған қаламгер елдік, ұлттық мәселелерді шығармашылығының темірқазығына айналдырды.
Ақынның туған жері – ұлылардың мекені, орта ғасырларда өркениеттің ордасы болған – Отырар өлкесі. Шайырдың шығармашылығына тарихи тақырыптың арқау болуы да сондықтан. Ақынның жалғандықтан ада, шынайы жырларын оқырманы қай кезде де етті. Қаламгердің поэзия, проза, драматургиядағы еңбектері өлшеусіз. Қаламгерлер арасына тараған «тапжылмай тыңдауға бар.

Мұхтар Шаханов әдебиеттің бірнеше жанрында еңбек жазушы зейнетке шықпайды» деген тәмсіл бар. Себебі оның қаламы көз жұмғанша қолынан түспейді. Сексеннің сеңгіріне шыққан Мұхтар Шаханов әлі де өршіл өлеңдерімен оқынмандарын қуантатыны сөзсіз.

Ақынның мерей тойына арнап 5 желтоқсан күні Шиелі аудандық орталық кітапханасында тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Ұлт тілін ұлықтаған Мұхтар Шаханов» атты ақынның шығармаларынан өлең-сөз оқу байқауы өткізілді. Шарада Шиелі Ауданы Оқушылар Үйінің «Жас әдебиетші» және «Туристтік өлкетанушы» үйірмелерінің жетекшілері мен қатысушылары белсенділік танытты. Шара соңында қазылар алқасы байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын Дипломдар мен Алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.

"Өскен өңір" ақпарат
06 желтоқсан 2022 ж. 250 0