Тума талант иесі
Қазақтың ән өнерінде өшпес із қалдырған дарынды тұлғаларымыздың бірі, талантты композитор әрі әнші, термеші Мұхамеджан Рүстемовтің туғанына биыл 90 жыл толып отыр. Ол осыдан тура 10 жыл бұрын сексенге толып өмірден өтті. Артында сыршыл әндері қалды. Еліне ерте танылған тума талант өнер көгінде жарқырай жанып, аққан жұлдыздай із тастап кете барды. Мұхамеджан әндерінің болмысы бөлек, бояуы қанық, жасандылықтан ада екені белгілі. Өмірдің өзіндей мұң мен сырға толы, шынайылығының арқасында өнері де, өзі де халқымыздың жүрегінен өшпей бірге жасап келеді.
Таланты да, тағдыры да ешкімге ұқсамайтын айрықша дара Мұхамеджан Рүстемов 1932 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген еді. Жастайынан зерек болған ол 1950 жылы Шиелі қыстағындағы XIV жылдық Октябрь атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш аудандық комсомол комитетінде мектеп оқушылары және пионер ұйымы бөлімі меңгерушісі қызметінен бастаған. Өзіне берілген тапсырманы тиянақты орындап, өз ісінің білікті маманы бола білді. Мұнан соң 1951 жылы комсомол комитетіне екінші хатшы болып сайланды. 1952 жылдың тамыз айынан 1953 жылдың тамызына дейін ол Ташкент қаласындағы №9 Өзбек қыздары орта мектебіндегі 11-педагогикалық сыныпты бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беретін мұғалім болып шығады. Ұстаздық жолдағы алғашқы еңбегі Оңтүсік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген елді мекені «Молотов» атындағы орта мектептен бастау алады. Сол жылы қарашада аудандық комсомол комитетіне хатшы болып сайланды. 1955-1959 жылдары Алматы жоғарғы партия мектебінің журналистика бөлімін бітіріп, 1959 жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінде комсомолдар ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітіледі. 1960 жылдың тамызында облыстық партия комитеті бюросының шешімінен кейін ол облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары қызметін абыроймен атқарды. 1968-1984 жылдары облыстық партия комитетінің үгіт-насихат тобының нұсқаушысы қызметін атқарды. Мұнан соң дәл осы жылы облыстық партия комитетінің мұрағатына меңгеруші болды. 1992 жылы маусымда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымына төраға болып сайланады. Кейіннен Шымкент музыкалық колледжіне термеден шәкірттер даярлайтын ұстаз болды. «Өнерлінің қолын ұста, өнегелінің жолын ұста» демекші, бойына дарыған өнерді оқушыларға сіңіре білді.

Мұхамеджан аға 50-ден аса әннің авторы атанды. Атап айтсақ, «Қимаймын», «Ақ халатты абзал жандар», « Сағыныш», «Айтолқын», «Ақ босаға», «Армысың бауырым алыстағы» және тағы басқалары бар. Сонымен қатар, ол ақын және композитор Нартай Бекежановтың шығармашылығын зерттеуші ретінде белгілі. Алдыңғы буын ағалар жақсы біледі, қаламы мен қарым-қабілетін қатар ұштастыра білген Мұхамеджан аға 1983 жылы «Нартай» атты повест жазды. Осы еңбектері ескеріліп Лениннің 100 жылдығына орай «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері төсбелгісінің иегері атанды. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
Қазақта «Әкеге қарап ұл өсер» деген әдемі тәмсіл бар. М.Рүстемовтың ұлы Болат Мұхаммеджанұлы мен келіні Айгүл Мұхаммеджанова бұл күндері әкелерінің мол мұрасын жинап, көзінің қарашығындай сақтап жүр. Көргені мол шаңырақта тәрбиеленген ұл сол мұраны үйдегі сандықтың түбінде жатқанын емес, кейінгі ұрпақтың көріп-білгенін қалапты. Асыл мұраның шаң басып, көмескі тартқаны емес, халыққа пайдасы тигенін құп көріп, аудандық өнер мектебінің директоры Нариман Әшімханұлымен бірлесіп музейге табыс етті. Осылайша, музей қоры жаңа құнды дүниелерге толыға түсті. Қазақ өнеріне жанашырлық танытқан ұлдың бұл ісіне музей қызметкерлері де дән риза болып, алғысын білдіруде.
Ұлы ойшыл, философ әл-Фараби: «Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгеріп, ізгілікке бағыттап отыруында» деген екен. Мұхамеджан Рүстемов осы айтылған үдеден шыға білді. Өнері өрісті, өз саласының білгірі, ақындық толғауы, жайсаң мінезі, жарасымды әзілімен ел есінде қалды. Ол парасаттылықпен алға қойған мақсаты үшін аянбай тер төгіп, шәкірттерінің сүйікті ұстазы атанды.
Ғабитбек Көшекбаев,
аудандық Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейі филиалының меңгерушісі