СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЖАҺАНДЫҚ КЕСЕЛ
Жаһандық даму айдынында желкенін керген Қазақстан барлық салада тұрақтылық пен өзіндік өркендеу жолын таңдап, замана көшіне ілесуде алдан шығар кез келген қауіп-қатердің алдын алу шараларын қолға алды. Әлемдегі бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарынан орын алуды мұрат тұтқан мемлекетімізде дамудың бір бағыты ретінде сыбайлас жемқорлықсыз, таза қоғам құру міндеті тұр.
Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша тамырын жайып, арамшөптей қаулап, түп-тамырымен жойып жіберуге күш бермей келе жатқан жемқорлық дерті алға басқан қадамды кейін тартып, жарқырай көзге түсер тұстарды көмескілендіріп, ең озық елдердің қатарынан мықтап орын тебуге кедергі келтіріп, өркениет көшінен өз жолымызды табуға қолбайлау болуда. Әр ел бұл кеселмен өз деңгейінде, түрлі әдіс-айламен күресуде. Жемқорлықты қылмыс деп таныған қоғамда өмірдің кез келген саласындағы заң бұзушылықтарды ауыздықтау аса өзекті.
Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
Жемқорлық – жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекетке деген сенімді сетінетіп, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін кесел. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтегі кез келген азамат адамгершілік арына дақ түсірмей антына адалдық танытуы тиіс. Ал біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын, нигилизмді жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор деп есептейміз. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
2020 жылы облыс көлемінде анықталған 53 сыбайлас сипатындағы қылмыстың 50 проценті аса ауыр санатқа жатады. Фактілерді сараласақ, ішкі істер органы, әлеуметтік қорғау, медицина, білім беру салалары мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жиі тұтылған. Есте болсын, пара алушымен қатар, пара берушіде заң алдында жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалары¬на сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

«Өскен өңір» ақпарат агенттігі