Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕНБІЛІК СЕРПІН СЫЙЛАЙДЫ

СЕНБІЛІК СЕРПІН СЫЙЛАЙДЫ

«Бірге – таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында шиеліліктер сенбіліктер өткізіліп келеді. Кент орталығының көшелерін күл-қоқыстан тазартуға, мейлінше абаттандыруға барлығы бір кісідей жұмылып ат салысуда. «Болашақ ұрпаққа таза табиғат әлемін қалдырамыз десек, әркім өз ісіне салғырт қарамасын», – дейді республикалық акцияда төбе көрсеткендер.
Эко-челлендж қоршаған ортаға селсоқ қарамауға шақырады. Сенбілікке мемлекеттік органдар, мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Аталған шара өскелең ұрпақты тазалыққа, тәртіпке үйретеді. Акцияға жастар қауымы да тартылды.
Дүниежүзілік «World Clean up day» тазалық күніне орай еліміздің бірқатар аймағында экологиялық акция өтеді. Сәйкесінше Шиелі ауданының жұртшылығы да аталған акцияға үн қосты. Тазалықты ту еткен әлемдік сенбілікте көшеттер отырғызылып, қоқыстан тазартылады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл шараны ұйымдастыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған шараларды жүзеге асырудың алғышарты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 1 қыркүйектегi Жолдауында мектептер мен жоғары оқу орындарында жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесiне тиістi назар аударылуы керек екенiн атап айтты. Естеріңізде болса, қоғамдағы экологиялық құндылықтарды нығaйтуға арнaлған «BirgeТazaQazaqstan» экологиялық акциясы жүйелi түрде жүргізілуi тиіс екенін де тілге тиек етті.
Өңірдің өңін кетеріп тұрған экологиялық проблемаға аудан әкімі Нұржан Ахатов та қатысып, шиеліліктермен бірге өз үлесін қосып келеді.
– Ауыл-аймақтың маңайын мұнтаздай таза ұстап, төл табиғатымызға тағылық жа¬самай, аялай білу үшін ең алдымен жал¬пақ жұртты жақсы іске ұйымдастыра білу керек. Осындай игі шарада туған жеріміздің тазалығы үшін белсенділік көрсеткен баршаңызға алғысымды айтамын, – деді аудан әкімі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, әр көшенің тұрғындары тазалыққа өзі жауапты болуы тиіс. Ең болмағанда өз үйінің айналасын артық күл-қоқыстан тазартып, мейлінше айналаны ластамауға үйренуі қажет. Қанда бар қазақы қасиетімізбен сырттан келген қонақты үйімізге бастаймыз. Ал үйге апарар жол – ол біздің көшелер. Сырт көз – сыншы демей ме?! Біз мән бермеген ұсақ-түйекке олардың көзі түсуі мүмкін. Үйден бұрын көше көркін қонақтан ұялмас үшін көшелер мұнтаздай таза болуы керек. Себебі біз осы арқылы аудан, ауыл тазалығын емес, өз тазалығымызды көрсетеміз.

«Өскен өңір» ақпарат агенттігі



17 қараша 2022 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930