Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰЗДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДА МӘДЕНИЕТІ БАР

ТҰЗДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДА МӘДЕНИЕТІ БАР

Тарихи деректер сонау ғұн, түркі дәуірінің өзінде бабаларымыз тұзды кәдесіне жарата білгенін растайды.
Тіпті Шыңғыс ханның сардарлары мен сарбаздарының қалтасында тұз жүретіні аңыз болып айтылады. Күні кешеге дейін үлкендеріміз ауызын тұзбен шайып, аяқты, басты және денені үнемі тұзды сумен жуатынын көріп өстік. Тұзсыз тамақ тұтынбайтын халқымыз қазір де жаңа туған сәбиді 40 күн тұзды суға шомылдырады. Нәтижесінде баланың терісі тез ширап, түрлі тері ауруларынан аулақ болады. Ал адам денесінде сынықты таңарда түйенің шудасын тұзды суға қайнатып, 7 күн бойы тартқан. Сонда сынған жерде суық қалмайды және кейін сары су жиналмайтын болған. Халқымызда «Дәм-тұзың таусылмасын» деген тәмсіл бар. Мұндағы дәмнің таусылуы – адамның өмірден өткенін білдірсе, тұздың таусылуы – адам қуатының таусылғанын аңғартса керек-ті.
Тұз тақырыбын түркі дәуірінен ­бастап жатқандықтан мына бір ақпарды да айта кеткенді жөн санадық. Ертеде қамаудағы қылмыскерлер тәртіп бұзып, төбелес шығарса арнайы ас мәзірімен жазаланатын болған. Яғни 15 күн бойы тұзсыз тамақ береді. Сонда кез келген адамның қуаты қайтып, тірсегі тірсегіне тиіп қалады екен. Ал 1 ай бойы тамақ ішпесе мүлдем орнынан тұра алмай қалатын көрінеді. Шамасы тұз астың дәмін ғана емес, нәрін да келтіретін болып тұр.
Ескеретін жайт, тұзды тым көп мөлшерде тұтынбаңыз. Ондайда ағза суды қалыптан тыс талап етіп, қанның көлемі артып, қан қысымыңыз көтеріледі. Бүйректің қызметіне салмақ түсіреді. Ал денеге жиналған тұзды үнемі жүгіріп, терлеп шығарып тұру қажет.
Тұзды шашпа, тұзды баспа – өмірің ащы болады. Тұзды тегін берме – ұрыс-керіске тап боласың деп байырғылар ырымдап жатады. Бастысы тұзды лайықты мөлшерде тұтынған жанның қартайғанда бұлшық еттері салбырап тұрмайды. Яғни жинақы көрінеді. Сондықтан өзіңізге тұзды қажетті мөлшерде пайдаланғаныңыз абзал.

Сұлушаш МАДИЯРОВА
21 қараша 2022 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031