Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық түлікті тоңазытқышты сақтау жолдары

Азық түлікті тоңазытқышты сақтау жолдары

ÐзÑÒ-ÑүлÑкÑÑ ÑоңÑзÑÑÒÑÑÑÑз ÑаÒÑаÑДемалыс кезінде немесе күтпеген жерден тоңазытқыш жоқ болып қалатын кездер болады. Бірақ тоңазытқышқа салынбаса бұзылып кетеді деген азық-түліктердің өзін біраз уақытқа дейін сақтап тұруға мүмкіндік бар. Сүт өнімдері Сарымайды кішкентай құтыға тығыздап салып, бетін жауып, үстінен суық тұзды су құйыңыз және оны күнде ауыстырып отырыңыз. Сүт өнімдерін бір ыдысқа құйып, суық суға толы одан да үлкен ыдысқа салып қоюға болады. Азық-түлікті матамен орап, матаның шетін суық суға салып қою керек. Су буға айналып, төменгі температураны сақтап тұрады. Бұл өз кезегінде азық-түліктің бүлінуінің алдын алады. Балық Жас балықты ұзағырақ сақтау үшін ішек-қарнын аршып тазалап, желбезектерін алып тастау керек. Балықты құрғатып сүртіп, құрсақ қуысын тұздап, майлық немесе дәретхана қағазына төсеп қою керек. Бұдан кейін әр балықты құрғақ таза қағазға орап қояды. Егер шаянды ұзағырақ сақтау керек болса, онда оны суға пісіріп, шыны құтыға салып, үстінен суық тұзды су құйып қояды (1 литр қайнатылған суға 1 үлкен қасық ас тұзы).

Massaget.kz
22 маусым 2019 ж. 1 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930