Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Халқымыз адамның жасына байланысты әр түрлі атаулар берген.Мәселен, 1 жасқа дейінгі баланы – шақалақ, нәресте, сәби деп атаған.
Ал 1 жастан 2 жасқа дейін қыз болса – бөпе, ұл болса – бөбек деген. 2 жас пен 3 жастағыны – бүлдіршін деп атаған. 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған, балауса деген. 6 жаспен 7 жастағыны – бала, балақай деп атаса, 8 жастан 12 жасқа дейінгіні – ойын баласы, жеткіншек. 13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала, жасөспірім. 16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала мен бойжеткен. 20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт, қыз-келіншек. 30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт, аға, келіншек. 40 пен 50 жас арасы – отағасы, әке, әйел, ана, тәте. 50 мен 60 жас – аралығы жігіт ағасы, сары кідір әйел. 60 пен 70 жас аралығы – қарасақал, ата, қара кемпір, әже, апа. 70 пен 80 жас аралығы – ақсақал, ақбұрым. 80 мен 90 жас аралығы – қарт, қария. 90 мен 100 жас аралығы – шал мен кемпір. 100 жастан жоғары – кейуана, баба.
Жаратқан Ием бәріңізге кейуана мен баба болуды нәсіп еткей.

С.БАХТИЯРҚЫЗЫ
18 қараша 2022 ж. 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031