Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының тұрғыны шөлмектен монша салды

Қызылорда облысының тұрғыны шөлмектен монша салды


Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағанбет ауылының тұрғыны Зәріп Мысабеков босаған шөлмекті өз қажетіне жаратып, монша салып алды. Оның бұл ісі жерлестерін таңғалдырып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шебер моншаны салуға 7 мыңнан астам шөлмек жұмсаған екен. Олардың барлығын ерінбей-жалықпай бірнеше жыл бойы жинаған. Соның нәтижесінде алыстан менмұндалап тұратын әсем дүниені жасап шықты. "Бұл идея 35 жыл бұрын әскери борышын Белоруссия мемлекетінде өтеп жүрген кезімде келді. Онда жергілікті тұрғынның үйінің айналасы шыны бөтелкеден жасалған қоршаумен қоршалғанын байқадым. Осыдан шыны бөтелкесінен монша салу идеясы туындады. Оны елге оралғаннан кейін жүзеге асырдым", - дейді Мысабеков. Алыстан қараған адам моншаны шөлмектен қалаған деп мүлдем ойламайды. Дегенмен, жақын келгенде оның өте ықтиятты түрде жасалғанына көзіңді анық жеткізуге болады. Шебердің айтуынша, мұндай моншаның бір ерекшелігі - төбесінің мүлдем буланбайтыны. Сонымен қатар, жылу да жақсы сақталады. Зәріп Мысабеков енді тағы да шөлмек жинап, ауылдан дүкен ашып алсам деген оймен жүрген жайы бар.
29 қараша 2017 ж. 1 804 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам