Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына адалдық және парасаттылық қасиеттерін жас кезден бастап сіңіру қажет деп есептейміз. Өз адалдығымен және бірбеткейлігімен елімізге шексіз қызмет етудің үлігісін байқататын адамдардың жағымды бейнелерін насихаттау керек. Барлық деңгейдегі жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті көрсетіп, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын берілмеу қажеттігін жастардың санасында нығайтуға бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз деп білемін.
Ернар Мейірбекұлы,
«Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мекмлекеттік мекемесінің бас маманы
«Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мекмлекеттік мекемесінің бас маманы