Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында өзбекстандық боксшыны ұтты

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында өзбекстандық боксшыны ұтты

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатында өзбекстандық боксшыны ұтты

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны жеңді. Санжар 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен қолғап түйістірді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жекпе-жек қазақстандық боксшының айқын басымдылығымен өтіп, төрешілер бір ауыздан жеңісті 19 жастағы Санжар Тәшкенбайға берді.
С.Тәшкенбай жастар арасында әлем және Азия чемпионы болса, қарсыласы да осал емес. Ол биыл 22 жасқа дейінгілер арасында Азия біріншілігінде топ жарған.
Осылайша, Санжар командаласы Санатәлі Төлтаевтың кеткен есесін қайтарды. С.Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Руслан Абдуллаевтан ұтылып қалған болатын.
Бүгін рингке шыққан үш қазақстандық боксшы да жекпе-жектерін сәтті өткізді.
https://baq.kz​​​

05 қараша 2022 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (9328)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031